Бөлімдер

Қыркүйек

01.09.2010Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефонмен сөйлесті.

Мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ таяу уақытта «Орнықты даму және жоғары технология саласындағы ынтымақтастық» негізгі тақырыбына айналатын Өскемендегі Қазақстан мен Ресей VII өңіраралық ынтымақтастығы форумын өткізу жайын талқылады.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

01.09.2010Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші шақырылымының төртінші сессиясын ашты және Сенат пен Мәжіліс депутаттарының алдында сөз сөйледі.

011

Президент үшінші сессия жұмысының қорытындылары заң шығармашылық қызметінің сапасы арта түскенін көрсететінін атап өтті.

- Еліміздің құқықтық базасы құқық қорғау органдарын реформалауға, қылмыспен және жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған заңдармен нығайтылды. Қаржылық және экономикалық қатынастар, бюджеттік және тариф саясаты туралы, салық салу саласындағы нормалар жетілдірілді. Энергия үнемдеу және су ресурстарын ұтымды пайдалануды ынталандыру үшін заңнамалық негіз құрылды. Жаңа заңнаманың үлкен блогы азаматтардың жекелеген санатын қолдауға және тұрғындарды кепілді көлемді тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталды, - деді Мемлекет басшысы.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

01.09.2010Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде болып, елорда мектептерінің 11 сынып оқушыларымен кездесті.

04

Осы этнокешенде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналып ашылған жаңа диорамалық павильонда болды. Президентке ел тарихының негізгі елеулі кезеңдеріне арналған экспозиция көрсетілді.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

01.09.2010Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті, Ұлттық Банк Төрағасы Григорий Марченконы және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады.

Кездесу барысында Президент ағымдағы жылдың 31 тамызында Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің басқармасында «БТА Банк» АҚ қайта құрылымдау жоспары бекітілгені туралы хабардар болды.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

02.09.2010Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстанның мәдениетін дамытудағы өзекті мәселелер мен өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі қаламгерлердің рөлі талқыланды.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

02.09.2010Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады.

М.Құл-Мұхаммед Президентті Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымда қолданылуын қамтамасыз етуге тиісті Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

02.09.2010Мемлекет басшысының Өкімімен Георгий Владимирович Ким басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

03.09.2010Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың жаңа объектілерімен танысты.

01

Президент «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінде болды. Кешен 165 бизнес-кластық пәтерден тұрады, оның 30 пәтері үлескерлердікі. Қалған 135-і алдағы кезде сатып алу құқығы негізінде жалға берілетін болады. Барлық пәтерлер толық әрленген әрі қоныстану үшін дайын.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ағымдағы жылғы қарашада пайдалануға берілетін «Изумрудный квартал» деп аталатын 39 қабатты әкімшілік корпусы кешенін аралап көрді. Ғимараттың жалпы алаңы 112 мың шаршы метр.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

03.09.2010Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев EURO-2012 іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Түркия ұлттық құрамалары арасындағы футбол матчы өткен «Астана-Арена» стадионында болды.

05.09.2010Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

04

Өскеменге келген Президент қаланың орталық алаңында ішкі істер органдарының өкілдерімен кездесті және жаңартылған облыстың ІІД автопаркімен танысып шықты.

толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары



Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0