
Қымбатты отандастар!
Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2012 жылға қадам басамыз.
Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін сыйы мен сынағы қатар келген ерекше жыл болды.
Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өттік.
Астана мен Алматыда Азиада алауы тұтанып, аспан түсті жалауымыз жоғарыдан желбіреді.
Елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мерейтойлық саммиті өтті.
Сырттағы ағайынға сауын айтып, Дүние жүзі қазақтарының ІV құрылтайын өткіздік.
Еліміздің абыройы асқақтап, Ислам ынтымақтастығы ұйымының тізгінін ұстадық.
Әлеуетіміз артып, ел қамбасы мол ырысқа толды.
Бұл жылдың еншісінде өркенімізді өсірген өзге де жақсылықтар аз емес.
Биылғы Президент сайлауында халқым маған ел тізгінін қайта сеніп тапсырды.
Елбасы ретіндегі еңбегіме жоғары баға беріп, мерейімді тасытқан еліме шынайы алғысымды айтамын.
толығымен... Басты оқиғалар