
Қазақстан Президенті атап өткендей, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз 50-ші, 60-шы, 70-ші жылдардағы қазақстандық тұтас ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары, олардың экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тәуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Д. Қонаевтың Қазақстан мен қазақ халқы тарихындағы рөлі мен мәнін жоғары бағалады.
толығымен... Оқиғалар дерекнамасы