18.01.2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.
18.01.2012Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттық мандатты бөлу реті анықталды.
Президент отырысты ашып, өткен сайлау Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадамға айналғанын атап өтті.
18.01.2012Мемлекет басшысы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның қабылдануына байланысты заңнамалық актіге түзетулер енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
18.01.2012Мемлекет басшысы телерадио хабарларын тарату саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін және еркін ақпарат алуға, сөз бостандығы мен шығармашылығы құқықтарына конституциялық кепілдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату қызметін пайдалану кезінде жеке, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
18.01.2012Мемлекет басшысы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы Әділет министрлігінің құзыретін Ішкі істер министрлігінің басқаруына беруді қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.