Бөлімдер

Қаңтар

25.02.2012

25.01.2012Мемлекет басшысы орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

25.01.2012Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2011 жылы ашылған «Президенттің бизнесті қорғауы» атты сайтына кәсіпкерлерден келіп түскен арыздар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тұрақты бақылауында болды.

Бизнес қоғамдастығының заңды құқықтары мен мүдделеріне қадағалау-бақылау және құқық қорғау органдары тарапынан нұқсан келтірген жағдайларды болдырмас үшін «Президенттің бизнесті қорғауы» атты сайтының арнайы тарауы жұмыс істеуде.

толығымен... Басты оқиғалар

25.01.2012Мемлекет басшысының Жарлығымен Анатолий Владимирович Смирнов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды.

25.01.2012Мемлекет басшысының Өкімімен Константин Васильевич Жигалов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметінен босатылды.

25.01.2012Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Ерғали Бөлегенұлы Бөлегенов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды; Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды; Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

25.01.2012Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевті қабылдады.

Ә. Исекешев Президентті 2010-2011 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы, сондай-ақ 2012 жылға арналған міндеттер туралы хабардар етті.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
   1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20 21 22 23242526
272829    

Жаңартулар

RSS 2.0