Бөлімдер

Қаңтар

9.02.2012

09.01.2012Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұтынушылардың ауқымды топтарын барынша газбен үздіксіз қамту және отын-энергетикалық теңгерімдегі газдың үлесін арттыруға жағдай жасауға, ішкі қажеттілктерге арналған ілеспе газдың өндірілуін тиімді пайдалану, газбен жабдықтау жүйесінің нысандарын тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай туғызға бағытталған «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы қолданыстағы құқықты «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестіндіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қызмет шарттары туралы келісімді және 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы еліміздің экономикасының басым секторларындағы индустриялық-инновациялық қызметтің құқықтарын белгілеуге, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін ынталандыруға және оны мемлекеттік қолдаудың шараларын анықтауға бағытталған «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы валюталық заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
   1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20 21 22 23242526
272829    

Жаңартулар

RSS 2.0