Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттық мандатты бөлу реті анықталды.
18.01.2012
Президент отырысты ашып, өткен сайлау Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадамға айналғанын атап өтті. «Нұр Отан» партиясының республикалық, облыстық, қалалық, аудандық сайлауалды штабтары, депутаттыққа үміткерлер, барлық партия активі осы кезеңде орасан жұмыстар атқарды. Барлық нұротандықтардың, волонтерлердің және партияны қолдағандардың үлкен еңбегі табыспен аяқталды. Кезектен тыс парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы сенімді жеңіске жетті. Соның нәтижесінде «Нұр Отан» Мәжілістегі 83 депутаттық мандатқа ие болды.
Отырыс барысында Саяси Кеңес Бюросы, партияның басшылық органы ретінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес үміткерлердің партиялық тізіміне енгізілгендердің арасынан депутаттық мандатты бөлу ретін анықтайды, партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына үмкіткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына тіркелген «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің кандидатуралары талқыланды және нақты тізімі бекітілді.
Президент Парламент депутаттары тізіміне енгізілген партияның барлық мүшелерін құттықтады.
- Біздің депутаттар еліміздегі жоғарғы заң шығарушылық органда халықтың, сайлаушылардың сенімін ақтайды деп сенемін. Осы сайлауда халықтың зор сеніміне ие болған «Нұр Отан» партиясы кадрлық жақсы резервке, мол әлеуетке ие, - деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың жаңа құрамына барлық өңірлердің өкілдері кіріп, әртүрлі ұлт өкілдерінің саны өскенін, әйелдер мен жастардың саны көбейгенін атап өтті. Парламент отырыстарында әртүрлі кәсіп пен мамандық иелері тиісті заң жобаларын талқылауға біліктілікпен қатысатын болады.
Президент «Нұр Отан» партиясы көппартиялы парламент және ашық бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтініне тоқталды. Партия өкілдері бәсекелестікте шыңдалып, әрдайым іскерлік бабында болып, көп біліп, мән-жайдан хабардар болып, өздерінің соңдарынан ерте білулері қажет.
Партияның Саяси Кеңесі Бюросы жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттық мандатын бөлу ретін анықтау туралы қаулысы қабылданды.
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының тізімі:
- Айсина Майра Арапқызы
- Айымбетов Сейітсұлтан Сүлейменұлы
- Аронова Ирина Петровна
- Асанғазы Оразгүл Асанғазықызы
- Асанов Жақып Қажманұлы
- Асанов Тұрарбек Мәжілұлы
- Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы
- Әбенов Мұрат Абдуламитұлы
- Әшім Нұрғали Сәдуақасұлы
- Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы
- Базарбаев Асқар Ермырзаұлы
- Балиева Зағипа Яхянқызы
- Бегенеев Андрей Анатольевич
- Бегентаев Мейрам Мұхаметрақымұлы
- Бекенов Асхат Сәкібеденұлы
- Бектұрғанов Ерсұлтан Өтеғұлұлы
- Бишімбаев Уәлихан Қозыкейұлы
- Бұрханов Қамал Низамұлы
- Бычкова Светлана Федоровна
- Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы
- Дошаев Ерген Николайұлы
- Дүйсебаев Жексенбай Қартабайұлы
- Дүйсенғалиев Жалғас Мәтешұлы
- Дьяченко Сергей Александрович
- Ертаев Бақытжан
- Жабағиев Қожахан Көкірекбайұлы
- Жақыпов Қабиболла Қабенұлы
- Жарасов Жанат Абдоллаұлы
- Жұмабеков Оңалсын Исламұлы
- Жылқайдаров Сәкен Егінбайұлы
- Ибраев Төлеген Тоқтасынұлы
- Исімбаева Гүлмира Истайбекқызы
- Киколенко Ольга Андреевна
- Киянский Виктор Владимирович
- Клебанова Дарья Владимировна
- Кузьмин Николай Алексеевич
- Қанаев Серікжан Зиаданұлы
- Қаракен Құралай Әнуарқызы
- Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы
- Қожахметов Арман Төлешұлы
- Логутов Николай Николаевич
- Мадинов Ромин Ризұлы
- Маковский Анатолий Павлович
- Медеуов Үсенгелді Өміржанұлы
- Милютин Александр Александрович
- Мұқашев Рахмет Желдібайұлы
- Мұхамеджанов Орал Байғонысұлы
- Мырзахметов Шалатай
- Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы
- Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы
- Нұркина Айгүл Қабдешқызы
- Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы
- Оразов Самиғолла Қамзаұлы
- Оспанов Серік Жәмекұлы
- Өмірзақов Ізбақ Қуанышұлы
- Өтемісов Шауқат Әнесұлы
- Пепенин Анатолий Сергеевич
- Петухова Надежда Михайловна
- Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы
- Рогалев Виктор Павлович
- Романовская Светлана Юрьевна
- Сабильянов Нұртай Салихұлы
- Самақова Айткүл Байғазықызы
- Сарпеков Рамазан Құмарбекұлы
- Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы
- Сейітмағанбетова Гүлнәр Сүлейменқызы
- Смағұл Бақытбек
- Смайыл Алдан Зейноллаұлы
- Соловьева Айгүл Сағадибекқызы
- Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы
- Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы
- Тарасенко Елена Ивановна
- Тасболатов Абай Бөлікбайұлы
- Тойбаев Әлихан Әбдіханұлы
- Тінікеев Мұхтар Бәкірұлы
- Ферхо Светлана Ивановна
- Шаекин Рауан Михайлович
- Шпанов Еркін Мәжитұлы
- Щегельский Глеб Анатольевич
- Ыдырысов Құттықожа
- Ықсанова Гүлнәр Мұстахимқызы
- Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы
- Яковлева Татьяна Ивановна
Кеңестер, отырыстар, кездесулер