Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанда мемлекеттілік тарихын жүйелі зерттеу және танымал ету мақсатында «Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы» мемлекеттік мекемесінің және салынып жатқан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы» ғимаратының негізінде «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі құрылды.
23.01.2012
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір ай мерзім ішінде Орталықтың Жарғысын, оның штаттық саны туралы ұсынысты әзірлеу және белгіленген тәртіппен бекітуге енгізу, сондай-ақ Жарлықтан туындайтын басқа да шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлықтар, өкімдер, заңдар