Бөлімдер

Жарлықтар, өкімдер, заңдар

02.02.2012Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

01.02.2012Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Талғат Мамыртайұлы Қойбақов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды;

толығымен... Жарлықтар, өкімдер, заңдар

01.02.2012Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

01.02.2012Мемлекет басшысы Ұлттық әл-ауқат қоры мен Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің құқықтық негізін жетілдіруге бағытталған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

27.01.2012Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дулат Хангерейұлы Бақышев Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды; Дархан Әлиұлы Бердәлиев Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

27.01.2012Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Әлішер Хабиболлаұлы Пірметов Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

27.01.2012Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Жәрдем көрсетуді жеңілдету жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

26.01.2012Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Жанна Дулатқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды; Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды; Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімнің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

25.01.2012Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Ерғали Бөлегенұлы Бөлегенов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды; Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды; Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

25.01.2012Мемлекет басшысының Өкімімен Константин Васильевич Жигалов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметінен босатылды.


Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
   1 2 345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңартулар

RSS 2.0