Бөлімдер

Қаңтар

04.01.2012Мемлекет басшысы «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Жарлыққа қол қойды.

06.01.2012Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін (тетіктерді) жүйені жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңға қол қойды.

06.01.2012Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін «Ғарыш қызметі туралы» Заңға қол қойды.

06.01.2012Мемлекет басшысы «Ғарыш қызметі туралы» Заңға жалғаспалы болып табылатын және қолданыстағы заңнаманы оған сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұтынушылардың ауқымды топтарын барынша газбен үздіксіз қамту және отын-энергетикалық теңгерімдегі газдың үлесін арттыруға жағдай жасауға, ішкі қажеттілктерге арналған ілеспе газдың өндірілуін тиімді пайдалану, газбен жабдықтау жүйесінің нысандарын тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай туғызға бағытталған «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы қолданыстағы құқықты «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестіндіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қызмет шарттары туралы келісімді және 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы еліміздің экономикасының басым секторларындағы индустриялық-инновациялық қызметтің құқықтарын белгілеуге, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін ынталандыруға және оны мемлекеттік қолдаудың шараларын анықтауға бағытталған «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы валюталық заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

10.01.2012Мемлекет басшысы заңнаманы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңның нормаларына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.



Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
 123 4 56
7 8910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0