Басқы бетЖаңалықтарЖарлықтар, өкімдер, заңдар2012 жылҚаңтарМемлекет басшысының Өкімдерімен: Жанна Дулатқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды; Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды; Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімнің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.