Бөлімдер

Оқиғалар дерекнамасы

30.01.2012Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі Абдалла II бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы иорданиялық монархты 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады және оған Астананың бір көшесін Король Хусейн бен Талалдың – қазіргі Иордания Королінің әкесінің есімімен атау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

20.01.2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Президент Николя Саркозиден Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына байланысты құттықтау хат келіп түсті.

Николя Саркози қазақстан-француз ынтымақтастығының барлық бағытындағы елеулі әлеуетті атап өтіп, Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі жоспарлардың табысты іске асатынына сенім білдірген.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

16.01.2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының аяқталуына байланысты «Қазақстан» спорт сарайында «Нұр Отан» ХДП ұйымдастыруымен өткен жеңімпаздар форумына қатысты.

02

Қазақстан Президенті форумға қатысушыларды парламенттік сайлаудағы cенімді жеңіспен құттықтады.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

16.01.2012Бүгін Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеядан сайланатын, кезектен тыс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауында дауыс берді және Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс XVIII сессиясына қатысты.

03

Сессия жұмысына ҚХА-нің еліміздің барлық өңірлеріндегі республикалық және аймақтық этномәдени бірлесткітердің мүшелерінен делегациялар, қоғам қайраткерлері, еліміздің ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері қатысты.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

15.01.2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы жаңа теннис кешенінде болды.

017

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Мемлекет басшысына Ұлттық теннис орталығының аумағында халықаралық талаптарға сәйкес келетін жаңа кешенді құру туралы, сондай-ақ еліміздегі теннис спортының жай-күйі мен оны дамыту келешегі жайлы баяндап берді.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

15.01.2012Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында орналасқан Астана қаласындағы № 182 сайлау учаскесінде болып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

14.01.2012Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында болып, «Анна Каренина» балетін тамашалады.

Балеттің қоюшысы – ресейлік хореограф, балетмейстер, Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет театрының көркемдік жетекшісі Борис Эйфман. Басты рөлдерді Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының артистері Сәуле Рахмедова, Фархад Буриев, Дәурен Жеңіс, Айнұр Әбілғазина орындады.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

13.01.2012Мемлекет басшысының алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына байланысты Үндеуі.

12.01.2012Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына байланысты салтанатты жиналысқа қатысты.

01

Қазақстан Президенті атап өткендей, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз 50-ші, 60-шы, 70-ші жылдардағы қазақстандық тұтас ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары, олардың экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тәуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Д. Қонаевтың Қазақстан мен қазақ халқы тарихындағы рөлі мен мәнін жоғары бағалады.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

10.01.2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында сайлау өткізбеу туралы шешіміне вето қойды.

Республикасы Конституциялық Кеңесінің 6 қаңтардағы № 1 қосымша қаулысына қарсылық енгізілді, өйткені ҚР Констициялық Кеңесі Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депуттарының сайлауын өткізбеу туралы шешім қабылдаған еді.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы


Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңартулар

RSS 2.0