Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен М.Ломоносов атындағы ММУ ректоры В. Садовничий, IV және V шақырылымдағы Ресей Федерациясы Федеральдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Б. Грызлов, интернационалист жауынгерлер істері жөніндегі комитеттің төрағасы Р. Аушев, Халықаралық инженерлік академиясының және Ресей инженерлік академиясының президенті Б. Гусев, Жоғарғы Сот төрағасы В. Лебедев, РФ халық артисі Л. Лещенко, Ішкі істер министрі Р. Нұрғалиев, «Газпром-Медиа Холдинг» ААҚ бас директоры Н. Сенкевич, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы И. Финогенов, «Ресей темір жолы» ААҚ президенті В. Якунин марапатталды.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының марапатталған азаматтары Қазақстан-Ресей достығы мен ынтымақтастығын нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтті. Өткен жиырма жыл ішінде Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық өзара іс-қимылы едәуір нығайды. Ынтымақтастықтың 20 жылы ішінде дәйекті және үдемелі шешімдер мен әрекеттер алма-кезек көрініс тапты. Кеден одағы құрылды, Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптасуда. Осы күндері ЕурАзЭҚ пен ҰҚШҰ дамыту туралы маңызды шешімдер қабылданды.
Мемлекет басшысы марапатталғандарға Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілестік және одақтастық қатынастарды нығайту жолындағы ұдайы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
Ресейлік марапатталған азаматтар Қазақстан Президетіне көрсеткен жоғары құрметі үшін алғыстарын айтып, өздерінің Қазақстан-Ресей достығы мен ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға атсалыса беретіндіктеріне сендірді.