Бөлімдер

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебекті қабылдады.

11.11.2011

Кездесу кезінде этникааралық қатынастар мен аз ұлттар құқығын қорғауды үйлестіру саласындағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселесі талқыланды.

ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының ұсынысын ескере отырып, Қазақстанда соңғы жылдары қоғамды одан әрі топтастыруға, этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, мемлекеттік органдардың этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылының тиімді жүйесін құруға, аз ұлттар тілдерінде білім жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар жобалар іске асырылғаны атап өтілді.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылғы жемісті төрағалығы ерекше атап өтілді. Президент Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылығы арқасында Астанада төзімділік пен кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі конференциясы және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жаңа мыңжылдықтағы тарихи алғашқы Саммиті тәрізді осындай тарихи оқиғалар болып өтті.

Мемлекеттік хатшы

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
 123456
78910 11 1213
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0