Бөлімдер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытынды мәжілісі болып өтті.

21.12.2011

Отырысты ашқан Қ.Саудабаев: «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аралығында Мемлекет басшысының ең маңызды басымдығы арасында қазақстандық жастардың білім деңгейі мен сапасын арттыру мәселесі болды. Жыл сайын білім мен ғылымды қаржыландыру артып келеді, қазіргі заманғы мектептердің желісі кеңейтілуде, ең жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін «Назарбаев Университеті» ашылды. Президенттің бастамасымен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық қиындықтарға қарамастан, шетелдердегі ең үздік университеттерде жаңа толқын кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарған «Болашақ» бағдарламасы құрылды. Бүгінде «болашақтықтар» Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, индустриялық-инновациялық дамуына лайықты үлестерін қосуда. Біз мемлекетіміздің үдемелі дамуы үшін қажетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін Президенттік бағдарламаның мүмкіндіктерін алдағы уақытта да анағұрлым тиімді пайдалануымыз керек», - деп атап өтті.

Отырыста ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұловтың баяндамасы тыңдалды.

1 қыркүйек пен 8 желтоқсан аралығында өткізілген конкурстық іріктеудің бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижелері бойынша Республикалық комиссияның қарауына 389 өтінім енгізілген. Олардың ішінде конкурстық іріктеуге 67 адам шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер ретінде, 322 үміткер - жалпы конкурс бойынша қатысты.

Оқыту бағдарламалары бөлігіндегі үміткерлердің жалпы саны бойынша: магистратураға – 328; докторантураға – 2; ғылыми тағылымдамаларға – 59 үміткер өтінім берген.

Олардың көпшілігі  құжаттарын Ұлыбритания (159 адам), АҚШ (91 адам), Ресей (34 адам) және Германияда (19 адам) оқу үшін тапсырса, қалған үміткерлер: Франция, Италия, Австралия, Қытай, Нидерланды, Норвегия,  Чехия, Канада, Словакия, Австрия, Швейцария елдерін таңдаған.

Басым мамандықтар тізбесінен үміткерлер «Мемлекеттік басқару», «Білім саласындағы басқару», «Құқық», «Экономика», «Ақпараттық технологиялар мен жүйелер» тәрізді мамандықтарды таңдаған.

Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 216 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды. Комиссия сондай-ақ 2012 жылға арналған басым мамандықтар тізбесін бекітті. Тізбеге 74 мамандық енді. Мамандарды даярлау тек магистратура және докторантура (PhD) бағдарламасы аясында ғана жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік хатшы

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
 123456
78910 11 1213
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0