- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның жедел дамуының маңызды факторы болып табылады, - деп мәлімдеді Қ.Саудабаев отырыстың барысында.
Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндама жасады.
Бағдарламаның жекелеген қағидаларының және осы саладағы Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы туралы Бас прокурор Рашид Түсіпбеков, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Зауытбек Тұрысбеков, Қаржы министрі Наталья Коржова, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушы Виктор Супрун және Әділет министрінің міндетін атқарушы Дулат Қосдәулетов баяндады.
Мемлекеттік хатшы елордадағы нысандармен танысу барысында Астанада әлемдік ең жоғары стандарттарға сай келетін сапалы білім беру, денсаулық сақтау және спорт инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Италяндық сәулетші Манфреди Николеттидің жобасы бойынша салынып жатқан бірегей концерт залы дәл осындай талаптарға сай болмақ.
- Сәулетті ұйып қалған музыкаға жиі теңейді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың адам бойында сирек кездесетін ойшылдығының және осы бірегей сәулет-құрылыс кешенін жасампаздықпен елестетуінің арқасында Астана ұйып қалған емес, тірі және әдемі музыка қаласына айналды, - деді Қанат Саудабаев журналистерге берген сұхбатында.
Кездесу барсында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастардың аса серпінді дамып отырғанын атап өтті. 2006 жылы екі елдің өзара тауар айналымы алғаш рет 1 миллиард доллардан асып түсіп, одан әрі даму үрдісіне ие болды.
- Біз сондай-ақ осы жылдың тамызында өтетін Мәжіліс депутаттарының сайлауына әзірлік барысын талқыладық. Бұл елдің демократиялық даму жолына нық орныққанын көрсеткен Қазақстан үшін аса маңызды қадам болып табылады. Ұлыбритания азаматтары Қазақстандағы сайлауға ЕҚЫҰ бақылаушылары ретінде қатысады, - деді Пол Браммел журналистерге арналған брифингте.
Бүгінгі Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру мен гранттарын тапсыру рәсімі мерейтой ретінде аталып өтілуде. Осыдан 10 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев талантты журналистер мен қызықты, маңызды шығармашылық ізденістерді ынталандыру мақсатында осындай шешім қабылдаған болатын. Тәуелсіздік жылдарында жас мемлекетіміздің де тәуелсіз журналистикасы бірге өсіп, бірге нығайды. Бүгін Отанымыздың барлық ерекше жетістіктерінде еліміздің журналистер қауымының өзіндік үлесі бар екенін айта кеткеніміз орынды болады», - деді Қ.Саудабаев журналистерді құттықтап тұрып.
Мемлекеттік хатшы бүгін баспасөзде жарияланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығын түсіндіріп өтті.
Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау мәселелерін қарады.