Бизнес қоғамдастығының заңды құқықтары мен мүдделеріне қадағалау-бақылау және құқық қорғау органдары тарапынан нұқсан келтірген жағдайларды болдырмас үшін «Президенттің бизнесті қорғауы» атты сайтының арнайы тарауы жұмыс істеуде.
толығымен... Басты оқиғалар
Нұрсұлтан Назарбаев штабтың мүшелерімен, партиялас серіктестерімен, сенім берілген адамдармен, жұртшылық өкілдерімен, волонтерлермен, жастармен кездесті.
толығымен... Басты оқиғалар
Президент Рождество мерекесі діндарлардың барлығының қайырымдылық, өзара жәрдемдесу және сүйспеншілік сезімдерін, биік гуманистік және жасампаздық мұраттарын біріктіретінін атап өтті.
толығымен... Басты оқиғалар
Қымбатты отандастар!
Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2012 жылға қадам басамыз.
Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін сыйы мен сынағы қатар келген ерекше жыл болды.
Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өттік.
Астана мен Алматыда Азиада алауы тұтанып, аспан түсті жалауымыз жоғарыдан желбіреді.
Елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мерейтойлық саммиті өтті.
Сырттағы ағайынға сауын айтып, Дүние жүзі қазақтарының ІV құрылтайын өткіздік.
Еліміздің абыройы асқақтап, Ислам ынтымақтастығы ұйымының тізгінін ұстадық.
Әлеуетіміз артып, ел қамбасы мол ырысқа толды.
Бұл жылдың еншісінде өркенімізді өсірген өзге де жақсылықтар аз емес.
Биылғы Президент сайлауында халқым маған ел тізгінін қайта сеніп тапсырды.
Елбасы ретіндегі еңбегіме жоғары баға беріп, мерейімді тасытқан еліме шынайы алғысымды айтамын.
толығымен... Басты оқиғалар
Ақтау қаласында Президент облыс активінің, көрнекті жұртшылық, зиялы қауым өкілдерімен, мұнай компаниялары еңбек ұжымдарының өкілдерінің қатысуымен Жаңаөзен қаласында орын алған қайғылы оқиға мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
толығымен... Басты оқиғалар
Селекторлық кеңесті ашып, Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс сайлауы бойынша сайлауалды науқанның 16 желтоқсанда ресми түрде басталғанының терең мәні барын атап өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы Қазақстанның дамуының жаңа тарауын ашып беріп отыр.
толығымен... Басты оқиғалар
Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиналысқа 3 мыңнан астам қонақ қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент Сенатының депутаттары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, Жоғарғы Соттың судьялары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің өкілдері, шетелдегі қазақ диаспорасы, Қазақстан жұртшылығының өкілдері бар.
толығымен... Басты оқиғалар
Астана тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде, Президент Ақорда алдындағы Қазақстанның басты алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі жылдағы дәстүрге айналғанын атап өтті.
толығымен... Басты оқиғалар| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 |