Бөлімдер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Ақорда алаңына орнатылған еліміздің бас жаңа жылдық шыршасын жағу рәсіміне қатысты.

29.11.2011
0102

Астана тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде, Президент Ақорда алдындағы Қазақстанның басты алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі жылдағы дәстүрге айналғанын атап өтті.

- Биылғы жыл –  еліміз үшін ерекше жыл. Ол ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтіп отыр. Бұл - бәріміз үшін үлкен мереке. Жаңа жылдық мереке – бұл ертегідей күтетін, армандары орындалатын, болашаққа жоспар құратын, әрқашан балалардың мерекесі. Біз сендер үшін еңбек еттік, сендердің бақытты болуларың үшін жұмыс істедік. Сендердің міндеттерің – жақсы оқу, біздің ұлы Отанымыздың лайықты азаматы болу. Біз жиырма жылдықты мерекелейміз, табыстарымызды атап өтеміз, болашаққа жоспар құрамыз, ал біздің болашағымыз – сендерсіңдер. Сендерге, біздің балаларымызға, мен әсерге толы Жаңа жыл, үлкен бақыт, мықты денсаулық тілеймін. Біздің еліміз гүлденсін, біздің балаларымыз бақытты болсын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға жаңа табыстар, зор денсаулық, бақыт және игілік тіледі.

Ақорда алаңы алдына орнатылған Қазақстанның бас шыршасының биіктігі 25 метр. Жаңа жылдық шырша 2 мың 316 ойыншықпен және 345 метрге жуық жылтырақтар мен гирляндалармен безендірілген. Сонымен қатар, бүгін Астанада орнатылған ондаған жаңа жылдық шыршаның шамдары бір сәтте жарқырады.

Ақорда алдындағы алаңдағы шыршаның маңына 3 мыңға жуық балалар мен ересектер жиналды, мерекелік отшашу беріліп, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен театрландырылған көріністер қойылды.

Басты оқиғалар

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 23 4 56
7 8 9 10111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0