Бөлімдер

Бүгін Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның републикалық қоғамдық штабында болып, партияның сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерімен селекторлық кеңес өткізді.

16.12.2011
0304

Селекторлық кеңесті ашып, Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс сайлауы бойынша сайлауалды науқанның 16 желтоқсанда ресми түрде басталғанының терең мәні барын атап өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы Қазақстанның дамуының жаңа тарауын ашып беріп отыр.

- Мәжіліс сайлауы қазақстандық саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңі болуы керек. Сайлаудың қорытындысы бойынша Мәжіліс құрамында кемінде екі саяси партия болады, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин Мемлекет басшысын «Нұр Отан» республикалық қоғамдық штабының сайлауға толық дайындығынан хабардар етті. Еліміздің барлық өңірінде 226 штаб құрылған. Қазақстанның тиісті сайлау заңнамасына толық жауап беретін сайлауалды науқанның желілік кестесі мен медиа-жоспары әзірленіп, заң сараптамасынан өтті.

Селекторлық кеңес барысында партияның сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды.

Мемлекет басшысы барлық партиялардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сайлауалды науқан кезеңінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды.

- Біздің алдымызда әділетті және таза сайлау өткізу міндеті тұр. Барлық билік органдары тек қана өз істерімен айналасып, сайлау науқанының барысына кедергі келтірмеулері керек. Бас прокуратураға заңнаманың сақталуын қадағалауды, заңнаманың бұзылу фактілері туралы шағымдар мен өзге де өтініштерге жедел жауап қайтаруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Сайлауды бақылауды және қоғамдық тексеруді қамтамасыз ету қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Байланыс және ақпарат министрлігіне Орталық сайлау комиссясымен бірлесіп барлық саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.

- «Нұр Отан» мен өзге де партиялардың негізгі басымдықтары бірлікті және қоғамның тыныштығын нығайту болуы тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» халықтық партия екенін атап көрсетті. Соңғы президенттік сайлау қазақстандықтардың жүргізіліп отырған саясатты толық қолдайтынын және ұлттың стратегиялық бағытпен жүруге дайын екенін анық көрсетті.

- Біздің партиямызға 850 мыңнан астам адам мүше. Еліміз бойынша 7 мың бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Сондықтан біз адамдарға не керектігін, елімізге не қажет екендігін білеміз. Сайлауалды науқан кезеңінде болашақ дамуымыздың стратегиясын, оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру маңызды. Ол басымдықтар партияның «Ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан. Мақсаттар 2017» сайлауалды тұғырнамасында және менің «Нұр Отан» ХДП-сының XIV съезінде сөйлеген сөзімде көрініс тапқан. Бұл партияның сайлауалды штабының басты міндеті, - деді Мемлекет басшысы.

Президент «Нұр Отан» республикалық қоғамдық штабында болып, сараптамалық-талдау тобының жұмысымен танысып, баспасөз орталығын, логистикалық орталығы мен мәжіліс залын көрді, барлық өңірлермен тікелей байланыс орнатылғанына көз жеткізді.

Басты оқиғалар

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 23 4 56
7 8 9 10111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0