
. Президент ресейлік «КамАЗ» зауытынының және Нефтекамск автобус зауытының көліктері құрастырылатын кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Академик Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық мұражайында болғаннан кейін Елбасы «Асыл мұра» бағдарламасы аясында өтіп жатқан мерекелік шараларға қатысты. Осы облыста сапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Баянауылды - қазақстандықтар үшін қасиетті жер деп атады. Бұл жерде Қаныш Сәтбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Шәкен Айманов сынды ғалымдар, белгілі жазушылар мен ақындар дүниеге келген.