Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы, өңдірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін мыналарға:
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:
Двуреченский Валентин Иванович – «Заречное» ЖШС директоры, Қостанай облысының Қостанай ауданы;
Кенжебаев Әділхан Айтқазынұлы – «Қазэкспортастық агрофирмасы» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Зеренді ауданы;
Молдабеков Руслан Жұмабекұлы – «Тайынша-Астық» ЖШС бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 11 қараша
№ 173
Жоғары әскери және арнаулы атақтар беру туралы
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы".
Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын шақыру туралы
Бразилия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы