Бөлімдер

Қазақстан Республикасы Президентініңбұқаралық ақпарат құралдары саласындағысыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Президентініңбұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және

Алғысын жариялау туралы

 

1. Елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыртуды ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының зор рөлін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп:

 

Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары

мыналарға берілсін:

 

Сергей Борисович Брилевке – «Россия» телеарнасының «Вести недели» қорытынды бағдарламасының жүргізушісі, республиканың экономикалық дамуы, Қазақстанның интеграциялық бастамалары туралы телевизиялық хабарлары мен репортаждар топтамасы үшін;

Айгүл Қадырбекқызы Ишмұхамедоваға – «СТВ» телекомпаниясының бас директоры, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Астананың жаңа тарихы туралы деректі фильмдер сериясы үшін;

Рашид Мұратұлы Сүлейменовке – «Көркем фильм» киностудиясының режиссері, Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарына, республиканың халықаралық аренадағы беделінің артуына арналған деректі фильмдер сериясы үшін;

 

Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары

мыналарға тапсырылсын:

 

Сұңғатолла Файзолдаұлы Әліпбаевқа – «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, әлеуметтік проблемалар жөніндегі талдау мақалалар топтамасы үшін;

Мира Мырзағалиқызы Берікболоваға – «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, өңірдегі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы мен инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы мақалалар топтамасы үшін;

Артур Станиславович Платоновқа - «КТК» телеарнасының меншікті хабарларын тарату директоры, экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңаруларды белсенді жариялағаны үшін;

«Костанайские новости» газетінің шығармашылық ұжымына -  қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім мәселелерін жан-жақты көрсеткені үшін;     

 

мыналарға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жариялансын:


         Акчай Салихқа – «Диалог Евразии» халықаралық журналының жетекші шолушысы, сыртқы саясат проблемалары жөніндегі мақалалар топтамасы үшін;

         Кенжеболат Махмұтұлы Жолдыбайға – «Қазақпарат» ақпараттық агенттігінің жетекші шолушысы, Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму мәселелеріне арналған республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалалар топтамасы үшін;

         Владимир Геннадьевич Курятовке – «Казахстанская правда» газетінің тілшісі, елдегі әлеуметтік-саяси жаңғырудың өзекті мәселелерін көрсетуге бағытталған мақалалар топтамасы үшін;

         Қазақ радиосының «Мен қазақпын!» бағдарламасының шығармашылық ұжымына - отандық радиожурналистиканы дамытуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін;

        «Хабар-жер» телевизиялық бағдарламасының шығармашылық ұжымына – экономиканың аграрлық секторын дамыту мәселелерін жан-жақты көрсеткені үшін.  

 2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.



Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                            Н.Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы 28 маусым
                         № 428

 

Құжаттар

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкері антының мәтінін және оны қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Жоғары әскери және арнаулы атақтар беру туралы

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы".

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 және «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Америка Құрама Штаттарының Президенттерінің бұрынғы Семей сынақ полигонына қатысты үшжақты ынтымақтастыққа байланысты бірлескен мәлімдемесі

Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Бразилия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы

Елбасының сөйлеген сөздері

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа баспасөз мәслихатын өткізді.15.05.2012ж.

Бағдарламаның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко брифинг өткізді.14.05.2012ж.

Ресми бағдарлама аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев брифинг өткізді.10.05.2012ж.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы қатысушыларының ел азаматтарына үндеуі.27.04.2012ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзі.27.04.2012ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтауы.14.04.2012ж.

Қауіпсіз ядролық болашаққа жол сала отырып.27.03.2012ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте сөйлеген сөзі.27.03.2012ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанда тіркелген шетел дипломатиялық миссиясы басшыларымен кездесуде сөйлеген сөзі.2.03.2012ж.

Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.27.01.2012ж.