Бөлімдер

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨКІМІ


Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы

сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру туралы


1. Елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыртуды ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі Қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп:


Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мыналарға берілсін:


Ықсанова Гүлнәр Мұстахымқызына – «Хабар» агенттігі» АҚ-ның басқарма төрайымы, отандық журналистика мен бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін;

Нестеренко Сергей Викторовичке – «Казахстанская правда» республикалық газетінің арнаулы тілшісі, еліміздегі экономикалық және әлеуметтік реформаға арналған сараптамалық материалдар циклы үшін;

Оралбаев Өтеген Оралбайұлына – журналист әрі публицист, Қазақстанның көрнекті әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлері туралы мақалалар циклы, сондай-ақ ұлттық мәдениетті дамыту мәселелеріне арналған публицистикалық материалдар сериясы үшін;

Сәулебек Айтбайға «Дала мен қала» газетінің меншікті тілшісі (Қарағанды облысы), жемқорлықпен күрес мәселелерін белсенді көрсеткені және жұртшылықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін;

Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлына «Құс жолы» ЖШС- нің бас директоры, жастардың патриоттық тәрбиесіне бағытталған публицистикалық мақалалар циклы үшін.


Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары мыналарға тапсырылсын:


Выборнова Галина Муратовнаға – «Время» газетінің меншікті тілшісі (Жамбыл облысы), әлеуметтік проблематиканы көрсетуге, мемлекет пен қоғам өмірінде заңның үстемдігі принципін бекітуге бағытталған материалдар циклы үшін;

Есембаев Ғабдул-ҒазизҚұрмашұлына – республикалық «Нұр-Астана» газетінің бас шолушысы, мемлекеттілікті, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамыту мәселелерін көрсетуге қосқан үлесі үшін;

Қанафина ЖанарДәуітжанқызына «Мы выбираем Караван, Караван выбирает нас» газетінің саясат және әлеуметтік проблемалар бөлімінің меңгерушісі, қоғамды әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғырту мәселелерін терең және жан-жақты көрсеткені үшін;

Неволин Игорь Васильевичкереспубликалық «Литер» қоғамдық-саяси газетінің саяси шолушысы, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көкейкесті мәселелеріне арналған мақалалар циклы үшін;

«Семей таңы» газетінің шығармашылық ұжымына қарусыздану және ядролық сынақты тоқтату тақырыбын белсенді көрсеткені үшін.


Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы мыналарға жариялансын:


Абас-шах Серік Дәулеталыұлына – «Хабар» агенттігі» АҚ-ның продюсері, интерактивтік танымдық-сауықтыру бағдарламалар циклын жасағаны үшін;

Голев Тимофей Владимировичке «Ирбис» жаңалықтар қызметінің (Павлодар қаласы) арнаулы тілшісі, өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерді терең көрсеткені үшін;

Сәркенов Әбдіғалым Айтмұқанұлына – Маңғыстау облыстық «Маңғыстау» қоғамдық-саяси газетінің шолушысы, өңірде инвестициялық жобалардың іске асырылуы мен индустриальдық-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысын көрсеткен материалдар сериясы үшін;

«Интерфакс Қазақстан» ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына Қазақстан Республикасында қоғамдық-саяси оқиғаларды, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар барысын жедел және жан-жақты көрсеткені үшін;

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның шығармашылық ұжымына телерадио хабарларын таратудың қазіргі заманғы форматының талаптарына жауап беретін жаңа жобаларды жасау арқылы Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін.

2.Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.



Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаев


Астана, Ақорда, 2009 жылғы 26 маусым

№ 335

 

Құжаттар

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкері антының мәтінін және оны қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Жоғары әскери және арнаулы атақтар беру туралы

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы".

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 және «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Америка Құрама Штаттарының Президенттерінің бұрынғы Семей сынақ полигонына қатысты үшжақты ынтымақтастыққа байланысты бірлескен мәлімдемесі

Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Бразилия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы

Елбасының сөйлеген сөздері

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа баспасөз мәслихатын өткізді.15.05.2012ж.

Бағдарламаның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко брифинг өткізді.14.05.2012ж.

Ресми бағдарлама аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев брифинг өткізді.10.05.2012ж.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы қатысушыларының ел азаматтарына үндеуі.27.04.2012ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзі.27.04.2012ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтауы.14.04.2012ж.

Қауіпсіз ядролық болашаққа жол сала отырып.27.03.2012ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте сөйлеген сөзі.27.03.2012ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанда тіркелген шетел дипломатиялық миссиясы басшыларымен кездесуде сөйлеген сөзі.2.03.2012ж.

Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.27.01.2012ж.