ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨКІМІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының
он төртінші сессиясын шақыру туралы
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының он төртінші сессиясы 2008 жылғы 23 қазанда Астана қаласында мынадай күн тәртібімен шақырылсын:
«Елдің қуаты – халықтың бірлігінде».
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының он төртінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2008 жылғы 19 қыркүйек
№ 250
Жоғары әскери және арнаулы атақтар беру туралы
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы".
Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын шақыру туралы
Бразилия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы