Қазақстан Республикасы Президентінің
ӨКІМІ
Қазақстан Республикасы Президентінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру туралы
1. Елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыртуды ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының зор рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп:
Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мыналарға берілсін:
Анатолий Павлович Лаптевке – режиссер, телеоператор – деректі кино саласындағы көпжылдық табысты шығармашылық еңбегі үшін;
Намазалы Омашұлы Омашевқа – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің дамуына қатысты өзекті мәселелерге арналған мақалалар топтамасы үшін;
Бейбіт Құсанбекке – «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның публицистикалық бағдарламалар редакциясының бас редакторы (марқұм) – қазақстандық тележурналистиканың дамуына қосқан зор үлесі үшін;
Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары мыналарға тапсырылсын:
Анар Бейсенбайқызы Бәкіроваға – Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы – аймақтағы экономикалық және әлеуметтік реформалардың барысы туралы публицистикалық материалдары үшін;
Бауыржан Жұмаханұлы Омаровқа – «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы – «Қазақстан - 2030» Стратегиясы мен мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыру барысын белсенді көрсеткені үшін;
Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің шығармашылық ұжымына – аймақтық экономиканың бәсекелістікке қабілеттілігін арттыру мәселелеріне арыналған «Елулікке ену стратегиясы: аймақтың үлесі» айдарымен берілген материалдар топтамасы үшін;
«Астана қ. теледидары» ЖШС-нің шығармашылық ұжымына – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен қоғамымызды ел тарихы туралы ақпараттандыру деңгейін көтеруге бағытталған «Айтылмаған әңгіме» теледидарлық бағдарламалар топтамасы үшін;
мыналарға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жариялансын:
Дағжан Белдеубайға – «Ана тілі» ұлт газетінің бас редакторының орынбасары – мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениеттің дамуы мәселелерін терең қамтыған мақалалары үшін;
Сүлеймен Байбабайұлы Мәметовке – «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінің бөлім меңгерушісі – саяси жүйе және азаматтық қоғам институттарының дамуына арналған материалдар топтамасы үшін;
Құралай Сләмқызы Рахымбаеваға – «Нұр-Астана» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шолушысы – қоғамдық өмірдің, мәдениет пен руханияттың өзекті мәселелері туралы материалдар топтамасы үшін;
«Шалқар-2» газетінің шығармашылық ұжымына – ұлттық тарих пен мәдениетті жан-жақты танытуға және шетелдегі отандастарымызға арналған Қазақстан Республикасының бүгінгі дамуына қатысты мақалалары үшін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы 30 маусым
№ 135
Жоғары әскери және арнаулы атақтар беру туралы
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы".
Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын шақыру туралы
Бразилия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы