Жаңалықтар

20 тамыз 2013
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Дёминді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге сүбелі үлес қосқаны үшін Украинаның дипломатиялық миссия басшысына ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде О.Дёмин Астанадағы қызметі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Украина ынтымақтастығын дамыту тұрғысынан жемісті болғанын атап өтті. Украин дипломаты екі елдің мемлекетаралық қарым-қатынастары сапалы биік деңгейге көтерілгеніне тоқталды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Украинаның ЕҚЫҰ-ға төрағалығымен құттықтап, Астана декларациясының ережелерін, оның ішінде Еуроатлантикалық және Еуразиялық қоғамдастықтың қауіпсіздігін қалыптастыруды жүзеге асыруға барынша жәрдемдесуге Қазақстанның дайын екенін растады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар