Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 қараша 2019
Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органдардың жұмысына арналған кеңес өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органдардың жұмысын одан әрі жетілдіру мәселесіне арналған кеңес  өткізді.

Мемлекеттік хатшы «Уақыт талабына сәйкес, республикалық комиссиялар жұмысын жандандырып, жаңашылдықтар енгізу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Ең бастысы комиссия шешімдері еліміз үшін нақты нәтижелер беруі тиіс», – деп атап көрсетті.

Кеңесте республикалық комиссиялардың құрамын зиялы қауым, азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жаңарту, Мемлекет басшысының талабына сәйкес билік пен қоғам арасындағы диалогты одан әрі тереңдету, комиссиялар жұмысын заманға сай жетілдіруде халықаралық тәжірибені зерделеу мәселелері талқыланды. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар