Жаңалықтар

29 қаңтар 2020
Қырымбек Көшербаев мәдениет саласы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы мемлекеттік стипендиясын табыстады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті.

Мемлекеттік стипендия Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы 75 қайраткеріне  берілді.

Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне, жас дарындарға жасаған қолдауы мен қамқорлығының айғағы, сондай-ақ, олардың Қазақстанның мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан үлестеріне көрсетілген құрмет.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының стипендиясы Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қайрат Байбосынов, Жүрсін Ерманов, Меруерт Өтекешева, Александр Гаркавец, Гульвира Разиева және басқа да қазақ әдебиеті мен өнерінің майталмандарына табысталды.

Сонымен қатар Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, актриса  Айнұр Рахиповаға, балет әртісі Бақтияр Адамжанға, ақын Қанат Омаровқа, дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медығат Манаповқа, кино режиссері Фархат Шәріповке және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар