Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 қазан 2020
Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен стипендия 57 үміткерге тағайындалды. Олар магистратура және докторантурада білім алады, сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар