National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен республикалық комиссияның отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Жиынға Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар келді. Өңірлердің әкімдері отырыс жұмысына селектрлік байланыс арқылы қатысты.

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы өскелең ұрпаққа мемлекеттік сана қалыптастыру, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу жөніндегі басты идеологиялық бағыттардың түп-төркінінде мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мәселесі тұрғанын ерекше атап өтті.

Басқосуда «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек, Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев сөз сөйледі.

Комиссия отырысы барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы, сондай-ақ, Комиссияның осы жылға арналған қызмет бағыттары талқыланып, 2020 жылға жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қарастырылды. Бірқатар мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларды бекіту туралы ұсыныстары қабылданған жоқ. Комиссия бұл маңызды мәселеде біртұтас көзқарас, бірыңғай саясат қажет деп шешті. Сондай-ақ Комиссия отырысында Үкіметке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Геральдика орталығын құру жөнінде ұсыныс енгізу тапсырылды.

Отырысты қорытындылаған Қ.Көшербаев мемлекеттік рәміздер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару