National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Словакияның Қазақстандағы елшісі Петер Юзамен кездесті

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталатын Словакияның Қазақстандағы елшісі П.Юзамен кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Биыл Қазақстан мен Словакия дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өтуде. Осыған орай екі мемлекет арасындағы тұрақты әрі сапалы деңгейдегі саяси байланыстарға оң баға берілді.

Г.Әбдіқалықова «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін Словакия басшылығына ризашылық білдіріп, Словакияның баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы табысты қызметі үшін Словакия елшісіне алғыс айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару