National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Қызылорда қаласындағы «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты ғылыми-практикалық конференциядағы сөзінің тезистері

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы биыл Сыр өңірінде өткізілуде.

Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отырған бұл тағылымды бастама 2010 жылы алғаш рет Астана қаласының «АЛЖИР» қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық-музейінде өткізілген еді. Зұлматты жылдар құрбандарын еске алуға арналған халықаралық жоба содан кейін Қарағандыда, Талдықорғанда, Шымкентте, Семейде, Оралда және Жезқазғанда жүзеге асырылып, осы жылы Қызылорда облысында өзінің жалғасын тауып отыр.

Қызылорда – мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуында ерекше орны бар, оның алғашқы астаналарының бірі болған тарихи қала.

Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлар мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батыры атанған 22 майдангер ерлеріміздің есімдері – бүкіл қазақ елінің мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті топырақ екендігі ақиқат.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды», - деп атап өтті.

Біз бүгінгі күнімізді өткен жүзжылдықтың қазақ халқы үшін қасіретті беттерінің бірі болған саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етуден бастап, тарихымыздың қилы кезеңдерін ой таразысына салып, саралауға арналған «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға жиналып отырмыз.

Форум тақырыбына қатысты айтар болсақ, қазақ халқының асылдарын қынадай қырған нәубет – саяси қуғын-сүргін Сыр жұртшылығын да айналып өткен жоқ. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, тоталитарлық жүйе жүргізген саясаттың салдарынан облыс бойынша 4038 отбасы қуғынға ұшырап, 1153 адам атылған екен.

Ашаршылық жылдары қаза болғандардың да нақты саны белгісіз. Ашаршылық кезеңін зерттеушілер жылдар бойы құпия жағдайда сақталған архив құжаттарын көтеріп, тың мәліметтер табуда. Олардың ішінде Сыр бойының жұртшылығына байланысты деректер де мол. Мәселен, нәубет жылдарының ауыртпалықтары туралы жазылған туындыларда халықтың аштан өлмеу үшін тасбақа аулап, тентіреп кеткені және бұдан да басқа жан түршігерлік оқиғалардың орын алғаны туралы ащы шындықтар айтылады. Сондықтан, бүгінгі ұрпақ тарих сындарынан сабақ алып, ынсапты болуға, тоқшылық заманның, бейбіт өмірдің қадірін білуге тиіс.

Тарихшылар саяси қуғын-сүргін белең алған зұлмат заманда басқа көрші мемлекеттерге қарағанда біздің халқымыздың көбірек зардап шеккенін атап көрсетеді. Халықтың төрттен бірі бас сауғалап шетелдерге көшкен. Елде қалған ардақтыларымыз атылды, айдалды, түрмелерге қамалды, ар-намыстары тапталды.

Бұл өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары - кеңестік кезеңнің алғашқы ширегінде орнаған әкімшіл-әміршіл жүйе тудырған бір жағынан, саяси әлімжеттіктің, екінші жағынан, қорғансыздықтың көрінісі болатын. Сондай-ақ күштеп отырықшыландыру, байларды зорлық-зомбылықпен тәркілеу белең алды. Оның үстіне «шолақ белсенділер» де адамдарды бір-біріне айдап салып, адал жолдан тайдырды, сүттей ұйыған қауымды әбден аздырды.

Шынында да ол – ұлттың дамыуна қарсы бағытталған зұлмат жылдар еді.

Осы күндері еліміздің барлық өңірлерінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу іс-шаралары өтуде.

Сол заманның оқиғаларын есте сақтау бүгінгі ұрпақ үшін қасиетті парыз.

Деректанушы ғалымдар өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап арнайы экспедициялар жасақтап, іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің архиві 1930-1933 жылдардағы ашаршылықты зерттеу жобасын іске асырды.

Қуғын-сүргіннің құрбанынан айналған 100 мыңнан астам адамдар туралы ақпарат қамтылған «Мемориал» веб-порталы іске қосылып, әрбір облыста «Аза кітабы» шығарылды.

Мәселен, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің архивінде сол жылдары қозғалған 6000-нан астам қылмыстық істің құжаттары бар. Бұл ғалымдар, тарихшылар, журналистер үшін құнды дерек болып табылады. Өйткені онда адамдардың тағдыры, еліміздің тарихи беттері бар.

Бүгінгі конференция осы бағыттағы жұмыстарды заман биігінен таразылап, тұжырым жасауға ұмтылыстың тағылымды бір қадамы болуға тиіс.

Уважаемые участники и гости конференции!

В Казахстане с обретением независимости многое делается для увековечивания памяти жертв политических репрессий и голода.

Еще в 1993 году был принят Закон «О реабилитации жертв массовых политических репрессий».

Начиная с 1997 года в соответствии с Указом Главы государства 31 мая в Казахстане отмечается День памяти жертв политических репрессий и голода.

В Астане в 2012 году открыт памятник, который увековечивает страдания народа в тяжелые годы.

Именами репрессированных представителей национальной интеллигенции названы улицы и государственные учреждения.

Их труды изучают школьники и студенты, исследуют ученые, установлены мемориалы и памятники.

Для всех нас тема исторической памяти имеет особое значение. Как гласит народная мудрость,- чтобы правильно оценить настоящее необходимо знать и помнить прошлое, независимо от того, хорошим или плохим оно было.

Поэтому хочу отметить высокую общественно-политическую значимость и практическую нацеленность конференции.

Она дает возможность расширить границы исторического сознания,  взглянуть на события и факты той исторической эпохи в их взаимосвязи и преемственности.

Неслучайно в программу конференции включены доклады, посвященные исследованию ценностей Алаш в контексте истории современной государственности.

Особый акцент в работе форума сделан на феномене исторической памяти, которая представляет собой мощнейший ресурс развития нации.

Сейчас на повестке дня стоит важнейшая задача духовной модернизации, выдвинутая в статье Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания».

Обсуждение трагических страниц истории Казахстана первой половины ХХ века является важным вкладом в процесс модернизации общественного сознания.

Единство нации, в том числе и во взглядах на свою историю, есть необходимое условие дальнейшего прогресса страны.

Құрметті қауым!

Қандай қасіретті бастан кешсе де қазақ халқы ел шетіне келіп жығылған өзге жұртқа пана болды. Қуғын көріп, жол азабын тартып, ағайын-туғанынан ажырап, жақсылық атаулыдан күдер үзіп келген сан этностың қайғыдан шемен боп қатқан жүрегін жібітті.

Қуғын-сүргін құрбандарының бүгінгі ұрпағы еліміздің әр өңірінде «Қазақ халқына мың алғыс!» деген монументтер мен ескерткіштер орнатып, ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Мемлекет басшысының сындарлы саясатын іске асыру арқылы қуатты әрі табысты  мемлекет құрғанымыз – Қазақстан халқының бірлігінің арқасы. Бұл да – келер ұрпаққа аманат ретінде табысталатын ортақ құндылығымыз.

Өткенді ұмытпау, бүгінгіні бағалау, ертеңіміз үшін сенімді болу – бұл Тәуелсіздіктің жеңісі, Елбасымыздың ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік саясатының жемісі.

Қызылорда аймағының орталығында қуғын-сүргін құрбандарына арналып салынып, биыл қайта жаңғырған ескерткіш, халықаралық форум, қайырымдылық акциясы, бейбітшілік сабақтары - өскелең ұрпақ санасы өскендігінің белгісі деп санаймын.

Бүгінгі жиынның қоғамдық-саяси мәні зор. Ол іс жүзінде рухани жаңғырудың жаңа белесінде халықтық сана кеңістігін кеңейте түсетін, дәуір оқиғалары мен осы заманның өзара байланысын зерделеуге мүмкіндік беретін игілікті іс-шара деп білемін.

Конференция жұмысына табыс тілеймін.

Назарларыңызға рахмет. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару