5 наурыз 2008

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тани «Нұр Астана» Ислам мәдени орталығында болды.


«Нұр Астана» Ислам мәдени орталығының құрылысы Катар Мемлекетінің қайтарымсыз қаржысына салынған.


Мешіт ғимаратының жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді құрайды. Оның айналасында әрқайсысының биіктігі 62 метрді құрайтын төрт мұнара бар. Басты күмбездің биіктігі 43 метрді құрайды. Мешіт бір мезгілде бес мыңға жуық мінәжат етушіні қабылдай алады.


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Таниге елорданың көрікті орындарының біріне айналған осы мешітті салдырғаны үшін алғыс білдірді.


Өз кезегінде Катар Мемлекетінің Әмірі мешіт ғимаратының ұнағанын атап өтті.


Қазақстан ислам әлемінің шамшырағына айналып келеді, - деп мәлімдеді Шейх Хамад бен Халифа Әл Тани.


«Нұр Астана» Ислам мәдени орталығы Катар Әмірінің Қазақстанға ресми сапарының бағдарламасы барысында аралап көрген соңғы нысан болды.


Барлық жаңалықтар