События

25 февраля 2015
Обращение Главы государства к народу Казахстана
Обращение Главы государства к народу Казахстана

 

Құрметті қазақстандықтар!

Ел ішінде биыл кезектен тыс президент сайлауын өткізу мәселесі қызу талқылануда. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі көтерген бастамаға қоғам өкілдері жан-жақты пікір білдіруде. Парламент депутаттары мен саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары өз пікірлерін айтты. Маған күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген хаттар келуде. Барша жұрт кезектен тыс президент сайлауын өткізу бастамасына қызу қолдау білдіруде.     

 

Уважаемые казахстанцы!

В поддержку проведения внеочередных президентских выборов единодушно выступила Общенациональная коалиция демократических сил «Казахстан-2050». Она объединяет 6 политических партий, 18 республиканских общественных объединений, 500 региональных НПО. С инициативой по этому вопросу выступил Совет Ассамблеи народа Казахстана.

В эти дни в мой адрес поступает множество писем и телеграмм от трудовых коллективов предприятий, ветеранов, студентов, от людей разных возрастов и профессий. Это говорит о возросшей политической активности наших граждан и их искренней заботе о судьбе страны. Огромное спасибо всем вам за это.

Что на сегодня является главным для наших граждан?

Во-первых, во всех обращениях ко мне отражается всенародная тревога о том, чтобы никакие внутренние раздоры и внешние конфликты не коснулись нашей страны. Люди понимают, что для этого необходимо укрепление стабильности и единства нашего общества.

Во-вторых, в период нарастания мирового экономического кризиса народу нужна уверенность в завтрашнем дне. Это, прежде всего, обеспечение рабочих мест, стабильности социальных выплат, заработной платы, стипендий.

В-третьих, в условиях обострения глобальных геополитических противоречий, наших граждан заботит вопрос обеспечения национальной безопасности. Поэтому казахстанцы выступают за дальнейшее продолжение сбалансированной внутренней и внешней политики.

Это непростые вопросы. Их решение требует от всех граждан и исполнительной власти всех уровней консолидации сил для выполнения намеченных программ по выходу из кризиса. Таким образом, всем нам предстоит тяжелейшая работа.   

Вот, что пишет мне из Караганды  Мисоченко Нина Алексеевна:

«Каждый день молюсь за своих детей, за мир и спокойствие на нашей земле. Каждый день прошу Бога о том, чтобы никогда никакой раздор и никакая война не коснулись наших домов, чтобы мы всегда жили мирно и счастливо. Ваша великая заслуга, что все люди в Казахстане живут в согласии и доверии друг с другом. Вместе трудятся, помогают друг другу, спокойно учат и растят детей и внуков. И пусть так будет всегда и вечно!»

Спасибо, Нина Алексеевна! Но это не только моя заслуга, но и всего нашего народа. За годы Независимости у казахстанцев утвердилась мудрость, что мир и согласие – это  главное общенародное достояние. И его нужно защищать и укреплять каждодневным трудом. Таков сегодня наш казахстанский характер! Единство и стабильность - это наш ответственный выбор! Это главная формула успешного развития нашего Отечества.

 

Қымбатты отандастар!

Өткен 23 жыл – біз үшін ғасырға бергісіз жылдар. Кезең-кезеңімен жүргізілген тұрақты саясаттың арқасында біз бүгінгі белеске көтерілдік. Қазақ – қазақ болғалы қазіргідей төрт құбыласы түгел, қуатты елге айналып көрген емес. Біз бүгін қариясы қамсыз, азаматы алаңсыз, ұрпағы уайымсыз елдердің қатарына ұмтылдық. Біз үшін көк аспанымыз ашық, көк байрағымыз асқақ болғаннан артық мәртебе жоқ.

Жер бетінде саны қанша миллион болса да туын тігер ұлтарақтай жерді, ұрпағына мирас етер елді арман еткен ұлттар қаншама! Елі болғанмен бағдары жоқ, бағдары болғанмен берекесі жоқ халықтар да көз алдымызда. Қазақстан даму көшіне ілескен елдерден суырылып шығып, көш тізгінін ұстаған елдердің  санатына бет алды. Бірақ, біз өткенді ешқашан ұмытпауға тиіспіз. 

Қазақ – тарихи жады мықты, соңына қарап тәубесін айтқан, жолына қарап тәуекел еткен халық. Әсіресе, осы күндері маған жүздеген хаттар келіп түсуде. Жасы тоқсаннан асқан Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Байқуаныш Сәрсембин ақсақал былай деп жазыпты:

«Өткен ғасырдағы түрлі тарихи оқиғалардың бәрі менің көз алдымда өтті. Бірде құлдырап, бірде өрлеген қилы замандарды көрдік. Бірақ, дәл қазіргідей Алтын Ғасыр халқымыздың басында ешқашан болған емес. Елінің шекарасын бекітіп, барлық елдермен достық қатынас орнатып, барша адамзатқа билік айтқан Қазақ баласы ешқашан болмаған», - дейді Байқуаныш қария.

Мен жеткен абырой, мәртебе – барша Қазақстанның мерейі. Әрбір хат иесінің бүгінгі Қазақстанды мақтан етіп, марқаятынын көремін.

Біз өресі биік, рухы берік, отаншыл елміз. Біз үшін туған елдің бір уыс топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусанынан жұпар иіс жоқ. Елдің бірлігін нығайтып, Отанымызды көркейтуге бағытталған кез-келген ұсыныс мен үшін құнды. Қоғамда талқыланып жатқан кезектен тыс президент сайлауын өткізу жайын мен осы тұрғыдан сараладым.

 

Уважаемые соотечественники!

С момента предыдущих президентских выборов прошло 4 года. Это было нелёгкое время, открывшее новые возможности для Казахстана. Мы достигли всех целей, о которых я говорил в ходе предвыборной кампании 2011 года. Мы реализуем долгосрочную Стратегию - 2050 по вхождению в число 30-ти самых развитых стран мира. Сегодня в определенных мной государственных программах обозначены все стратегические вопросы развития с учётом глобальных экономических и геополитических рисков.

Из-за кризиса и резкого падения цен на наши экспортные товары нам пришлось провести безотлагательную оптимизацию бюджетной политики. Реализуется комплекс антикризисных мер. Убеждён, мы с честью преодолеем трудности глобального развития. У нас для этого есть все условия – четкий план действий, единство народа и необходимые ресурсы.

Теперь о выборах. Сегодня я провел консультации с руководством Сената и Мажилиса Парламента, Премьер-Министром и председателем Конституционного Совета Республики. Накануне по запросу председателя Сената Конституционный Совет дал исчерпывающие разъяснения о проведении внеочередных президентских выборов. Календарные сроки проведения президентских и парламентских выборов выпадают на 2016 год и фактически оказываются совмещенными. Конституция этого не позволяет.

Срок моих конституционных полномочий на посту Главы государства истекает в 2016 году. Высказываются два предложения. Первое – проведение досрочных выборов Президента страны. Второе – проведение референдума о продлении полномочий Главы государства. Оба предложения осуществимы.

Наиболее корректным, отвечающим требованиям Конституции, является проведение выборов. Поэтому в интересах народа, учитывая его просьбы, всеобщую волю, ради неукоснительного соблюдения Основного Закона я принял решение и в соответствии с пунктом­­ 3.1 статьи 41 Конституции подписал Указ о назначении на 26 апреля 2015 года внеочередных президентских выборов. Для Казахстана выборы всегда были высшим механизмом единства и согласия в обществе. Убеждён, что так будет и сейчас, и всегда!

Выборы – это важнейший конституционный и патриотический акт. Необходимо провести их в строгом соответствии с законодательством, открыто и честно, при широком участии отечественных и  международных наблюдателей. Решение относительно своего участия в предстоящих выборах я приму позже в полном соответствии с Конституцией и Законами нашей страны.

 

Қымбатты қазақстандықтар!

Қайта қаһарына мінген әлемдік дағдарыс жағдайында бірлік бізге бұрынғысынан бетер құнды. Мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін сақтап, дамыту Президенті бастап, елі қостаған кезде ғана баянды болмақ. Жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктеледі. Осыны ұмытпайық. Алдағы биік белестер мен асқар асулар үшін біз барлық кедергілерді бағындырып, алға басуға тиіспіз.

Құзырлы органдар Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы еліміздің  Конституциясына және сайлау туралы заңға сай деген қорытынды шығарды. Мен сайлауға қатысты «иә» мен «жоқты» мұқият ой таразысына салдым. Сөйтіп, «кезектен тыс президент сайлауын өткізген жөн» деген пайымға келдім. Сайлау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіре түсеріне сенемін. Қазақстандықтарды ел тарихындағы тағы бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырамын.

Баршаңызға бірлік пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!


Все события
 
Другие события
Другие события