National Emblem of Kazakhstan

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Государственный советник


Выступление Государственного секретаря РК Г.Н.Абдыкаликовой на митинге, посвященном возложению цветов к памятнику жертв политических репрессий на холме Түйетөбе

Қадірлі қауым!

Қымбатты отандастар!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әрбір жұрт  тарихтан өзінше тағылым алады» деген сөзі бар. Тәуелсіздікке дейінгі тарихымызда біздің халқымыз тартқан тақсірет аз болмағанын жақсы білесіздер. Соның ең қасіретті  тұсының бірі – арыстарымыз жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған 1930 – 1950-інші жылдар аралығы.

«Жұт жеті ағайынды» дейді халық даналығы. Елді қынадай қырған ашаршылықтың артынша жұртты жаппай жазалау науқаны басталды. Халық саны күрт кеміген өткен ғасырдың 30-ыншы жылдары ұлтымыздың бетке ұстар көптеген зиялылары ұсталып, кінәсіз атылды.

Зұлмат жылдардың жаңғырығы халық жадынан өшпейді. Азаттық алып, егемен ел болғалы бері біз жақсылар мен жайсаңдарды түгендеп, Алаш қайраткерлерін қайта тірілтіп келеміз. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған 31 мамыр – барша қазақстандықтар үшін қастерлі күн. Осыған орай бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде 4 мыңдай түрлі іс-шара өткізіледі.

Ел басына жаппай күн туған қаралы кезеңде Ақтөбе өңірі халқының да тартқан  тауқыметі орасан зор. Сондықтан біз мұнда әруақтар алдындағы адами борышымызды орындап, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына тағы бір мәрте тағзым ету үшін жиналып отырмыз.

Аталған нәубет  жылдарында Ақтөбе облысы бойынша 8 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 2 мыңнан астамы ату жазасына кесілген.

Сұмдығы көп сол бір сұрқай кезеңде жантүршігерлік жала жабылып, ату жазасына кесілгендер осы Түйетөбе сайында жерленген. Бұл – зауал құрбаны болған арыстардың көрген қасіретін күні кешеге дейін ішіне бүгіп келген жер. Сондықтан мұндай қасиетті топырақты қастер тұту – біздің перзенттік парызымыз.

 

Уважаемые участники митинга!

В первой половине XX века наш народ на себе испытал все ужасы тоталитарного режима. В период массового голода 1932-1933 годов в Казахстане погибло около 2-х миллионов человек, свыше 600 тысяч казахов вынуждены были покинуть свою Родину. По политическим мотивам осуждено более 100 (ста) тысяч человек, а 25 тысяч из них приговорены к смертной казни. В казахскую степь были депортированы представители многих народов Северного Кавказа, а также немцы, поляки, корейцы.

Эти трагические страницы истории навсегда останутся в памяти народа. Наш долг – вечно помнить о безвинных жертвах политических репрессий и голода.

 

Ардақты ағайын!

Біз тарихтың тақсіретті беттерін ешқашан ұмытпаймыз. Халқымыздың басынан өткен қасіретті күндерді әрдайым  есімізде сақтап, одан сабақ ала білу қажет. Бүгінгі шара да осыған орайластырылған.

Жазықсыз құрбан болғандардың жаны жәннатта болсын!


Вернуться назад Вернуться назад Twitter Facebook Печать