Выступления

16 октября 2008
Интервью Президента РК Нурсултана Назарбаева журналистам ведущих телеканалов страны. 16.10.2008

 

Интервью Президента РК Нурсултана Назарбаева журналистам ведущих телеканалов страны


«Бірлік табысқа жеткізеді»

 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық телеарналардың тілшілеріне сұхбат берді. Сұхбатқа «Қазақстан» ұлттық телеарнасының президенті Жанай Омаров, «Хабар» агенттігінің саяси шолушысы Федор Курепин, «КТК» телеарнасының бас директоры Арман Шораев, «Астана» телеаранасының бас редакторы Әділбек Алпысбай қатысты.

 
Ж.Омаров:  
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, өткен жылғы АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс әлемдік қаржы дағдарысына ұласты. Бұл Қазақстанға қалай әсер етті және оның салдарлары қандай болмақ?

 
Президент РК Н.Назарбаев:

Дағдарыс әлемдік экономикадағы кейінгі кезде орын алған кемшіліктердің салдарынан болып отыр. Ең бірінші Америка Құрама Штаттарынан басталды. Халық «анау мұхиттың ар жағында жатқан Америка қайда, Қазақстан қайда, олардағы болып жатқан жағдай бізге неге осындай шарпуын тигізеді» деп ойлауы мүмкін. Оның себебі Америка Құрама Штаттарының экономикасының көлемі дүниежүзі экономикасының 20 пайызы. Экономикасының ауқымы 13-14 триллион доллар болатын болса, 70-80 триллион доллар әлем қаржысының 20 пайызы соларда. Дүние жүзінің 20 пайыз импорты да Америка Құрама Штаттарында.

 
Экспорт бойынша АҚШ Еуроаймақтан кейін екінші орында. Әлем экономикасы тауарлардың барлығын Америкаға барып сатады және Америкадан сатып алады. Сондықтан оның әсері тимей қоймайды.

 
Америка Құрама Штаттарының экономикасын алып қарайтын болсақ, оларда екінші дүниежүізілік соғыстан кейін, яғни 45-ші жылдан бері он рет осындай өзгерістер болды. Біресе көтерілу, біресе төмендеу. Бұл жалпы капиталситік нарық экономикасына тән нәрсе.

 
Өздеріңіз білесіздер, 2001 жылғы Нью-Йоркте болған оқиғалардан кейін Американың экономикасы құлдырады. Сол себепті 2002 жылы олар несиеге берілетін ставканы төмендетіп, халыққа арзан ақша берді. Елдің барлығы ол арзан ақшаны алып, үй сала бастады, машина ала бастады, жағдайын түзей бастады. Жылжымайтын мүліктің бағасы көтерілді, банктер соны несиеге беріп, ақшасын елге берді. Жанар-жағармайдың, азық-түліктің бағасы көтерілді.

 
Ақша экономикада көп болғаннан кейін, инфляция көтерілді. Инфляция көтерілгеннен кейін, Америка Құрама Штаттарының банктері жаңағы несиеге беретін ставканы жоғары қарай көтерді. Ставкамен бірге ипотекаға беретін ақшаның бағасы да көтерілді. Нәтижесінде несиені алған адам оны қайтаруға мүмкіндігі шектелді.  
 
АҚШ-та тоқырау басталған кезде солардың ақшасын алып отырған, құнды қағаздарына иелік жасап отырған Еуропаның, Азияның банктерінің, басқа да банктердің қаржылық жағдайы төмендеп кетті.

 
Ал бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етті? Қазақстанның экономикасының өсіп-өркендеуі экономикамызға қаражат ты көптеп тартуға мүмкіндік берді. Мемлекеттің рейтингі, банктердің рейтингі көтерілген соң, біздің банктер сол арзан ақшаны алып, бірді-екілі салаға ғана салды. Құрылысқа, ғимараттар салуға жұмсады. Оның есесіне қаржыны өндіріске көбірек салу керек еді. Енді тоқырау басталғаннан кейін олар ақшаны қайтара алмай отыр.  
 
Мысалы, қазір мен 10 миллион доллар несие алам, бес жылға. Бес жыл өткен соң, тағы да несие алам да алдыңғысын жауып, несие мерзімін бес жылға ұзартам. Ал орайы келмей несие беруші қаражат бермесе, бітті. Ол ақшасы қайтара алмайсың.

 
Мен, әрине, банктерге талай рет айттым, естіген де боларсыздар. «Шетелдік ақшаны алуды азайтыңдар, өзіміздің ішімізде жұмыс істеңдер» деп. Ол – банктердің қателігі. Екінші жағынан біздің банктер ол ақшаны Астанадағы, Алматыдағы, басқа облыстардағы құрылысқа салды ғой, көріп отырсыздар. Сол қаражаттың негізгі бөлігі Қазақстанға жұмыс істеді. Міне, мәселенің осындай екі жағы бар. Енді біз осы мәселелерді шешу үшін шаралар қолданып жатырмыз.


****

 
Почему спрашивается, в Америке случился кризис, который в Казахстане отозвался, ведь мы находимся далеко?  
 
Всё связанно с вовлеченностью Казахстана во всемирные экономические процессы.

 
Американская экономика занимает 20 % общемирового ВВП. Экспорт у неё на втором месте после Еврозоны. То есть многие государства продают Америке свои товары, покупают у Америки свои товары, а как иначе может быть?

 
И цикличность мировой экономики совпадает с цикличностью экономики США.

 
С 1945 года таких циклов было десять, последний цикл начался в 2002 году, после нападения на торговый центр в Нью-Йорке. В 2002 году экономика США была на низком уровне, меньше одного процента рост. В это время Федеральная Резервная Система снизила ставки рефинансирования, стали «дешевые деньги» предлагать людям, причем давали без залога. Люди стали брать, строить жильё, улучшать свою жизнь, покупать автомобили. Недвижимость в цене выросла, банки имели дорогую недвижимость, под эту недвижимость выпустили ценные бумаги, которые покупали во всем мире. Всё было хорошо, деньги есть, по процентам все платят. В 2004 году был пик подъема экономики Америки - 3,6 %.

 
А что случилось в этом году?

 
Дело в том, что одновременно выросли цены на энергоносители и продовольствие.  
 
Во-первых, большие деньги, которые были заложены в экономику, подняли инфляцию, все стало дорого, и многие люди не смогли возвратить ранее взятые кредиты. Там ведь каждые три месяца надо возвращать с процентами. И когда люди перестали возвращать деньги, у банков не стало оборотных средств для выдачи новых кредитов.

 
Аналогичная ситуация случилась и у нас. Казахстанские банки, пользуясь позитивными рейтингами страны, своими рейтингами, стали брать «дешевые» кредиты в западных банках. И когда у них случился кризис, западные финансовые институты перестали выдавать кредиты казахстанским банкам. А им нечем стало рассчитываться за кредиты. Так как наши банкиры брали кредиты, например, на пять лет. Этот срок проходил, они брали еще кредиты и рассчитывались с предыдущими кредитами. В какой-то момент этот процесс прекратился.  
 
Можно критиковать и ругать наши банки. Да, они ошибку сделали, но с другой стороны они эти деньги вложили в нашу экономику. Смотрите, сколько в Астане нового построено. В Алматы, в других областях, везде появились современные производственные объекты, развивался малый и средний бизнес. Конечно, они приобретали собственность и активы за рубежом. Я думаю, если всё сравнить, то, в процентном отношении, это не много.

 
Сейчас малый и средний бизнес во всем мире мало стал получать меньше средств и меньше производить продукций. Меньше стала и потребность в наших казахстанских ресурсах.

 
Закрывая тему, хочу сказать, если проследить все циклы, которые прошли в течение ста лет, в США подобные кризисы продолжаются в среднем 10 месяцев. Если он в этом году в сентябре начался, то можно подсчитать, что во второй половине 2009 года экономика должна пойти на взлет.

 
Ф.Курепин: Нурсултан Абишевич, мировой экономический кризис негативно повлиял на казахстанский рынок жилищного строительства, банковский сектор и торговлю. Достаточно ли возможностей и резервов у экономики Казахстана, чтобы эффективно противостоять всем внешним негативным воздействиям?

 
Президент РК Н.Назарбаев:

В своем недавнем выступлении на заседании Правительства я высказался на эту тему. Мы пережили более сильные кризисы в 1992, 1996, 1997 годах.

 
Сейчас не те времена.

 
Казахстанцы за эти годы научились работать, накопили средства, встали на ноги. Окрепло сельское хозяйство, селяне имеют достаточное количество скота, землю, возможность спокойно работать.  
 
В стране создан Национальный фонд, в который шли доходы от продажи сырьевых ресурсов. Мы накопили достаточное количество средств. Золотовалютный резерв и национальный фонд страны превышают 51 миллиард долларов. За счет этих средств мы будем решать социальные программы и поддерживать благосостояние граждан. Я имею в виду пенсии, заработные платы.

 
Кроме этого, мы поддерживаем пострадавших дольщиков, строительный сектор, малый и средний бизнес. Уже выделены необходимые средства, их объем известен.

 
А.Шораев: В понедельник на расширенном заседании Правительства Вами был дан ряд поручений, направленных на противодействие мировому финансовому кризису. Не могли бы Вы поподробнее рассказать об этом?

 
Президент РК Н.Назарбаев:

Не смотря на случившийся кризис, который задел нашу страну, экономика продолжает работать в нормальном режиме. На стадии финансирования находятся 17 инфраструктурных и 28 производственных проектов на общую сумму в 50 миллиардов долларов. И это будет продолжаться.  
 
Пострадали дольщики. Человек, который отдал свои деньги под строительство жилья, должен был смотреть, кому он их дает - не мошенники ли они? Государство пошло на встречу обманутым гражданам, выделяя деньги банкам второго уровня. Но это возвратные деньги. В 2007-2008 годах в целом по стране 540 миллиардов тенге было выдано. В том числе в Алматы 22 миллиарда тенге, в Астане 41 миллиард тенге.

 
В результате только в этом году восемь тысяч дольщиков получат квартиры. Остальные получат до конца следующего года. Люди должны понять, что это огромная помощь и поддержка Правительства.

 
Также пострадал малый и средний бизнес. На их поддержку с начало года выделен 121 миллиард тенге. Благодаря этому начали работать 521 тысяча малых и средних предприятий.

 
Мы гарантируем вклады населению. Их деньги, вложенные в банк в объеме до 5 миллионов тенге, гарантированны государством. Люди могут не волноваться. Таких, у кого на депозитах находится до 5 миллионов, 99% вкладчиков.


Один процент - это акционеры банков, богатые люди. Но и они могут не волноваться. Мы в целом поддерживаем экономическую систему в стране. Сейчас создан объединенный холдинг «СамрукКазына», который способен решать большие вопросы. Его капитализация будет до 40 миллиардов долларов.

 
Ә.Алпысбай: Сіз Ұлттық қордағы қаражатты пайдалану туралы еске салдыңыз. Бұл Қордың тұрақтылығына әсер етпей ме?

 
Президент РК Н.Назарбаев:

Ұлттық қордың тұрақтандырушы, жинақтаушы міндеті бар. Заң бойынша солай.  
Мен талайдан бері айтып келемін, Ұлттық қорды осындай қиын-қыстау жағдайға жинамағанда, не үшін жинадық? Халықтың жағдайы қиындайтын болса, оны ұстап отырудың не қажеті бар?  
Мен айтып отырған 10 миллиард доллар тек қана биылғы жылға жиналатын қор. Ол қор жылдан-жылға өсіп жатыр. Біз мұнайдың бір баррелін 60 доллар деп санағанбыз. Қазір 80-нің үстінде, оның алдында 140-қа жетті. Сондықтан Ұлттық қордан жоғарыдағы қаражатты алсақ, ол азаяды. Бірақ біз қордан 1 теңгені де бекер алып жатқан жоқпыз. Барлығы несиеге беріледі. Барлығы қайтып келетін болады.

 
Сырттан келетін ақшаның ағымы біршама тоқтап қалды. Сондықтан мемлекет бұл шаруаны өз қолына алып, өзіміздің экономикамызға ақша салып отыр. Қаражатты Еуропаның, Американың банктерінде ұстағанымыз, Қордың сақтығы үшін жасалған. Ал, оны өзіміздің экономикаға салсақ, одан алатын өсім де жоғары болады, ауқымы да көбейе береді.

 
Бұған біз саспауымыз керек. Халыққа түсіндіруміз қажет. Жалпы экономикаға мұнайдан, басқа шикізаттардан түсім түсе беретін болады. Ал Қордың ақшасы Үкіметтің арнайы бағдарламасы бойынша, бірнеше жылдың ішінде бөлінетін қаржы.

 
Егер мұндай Қор болмаса не болар еді? Мұндай Қор болмаса, мемлекет банкрот болады. Мемлекеттің тәуелсіздігі экономикаға байланысты деп отырғанымыз осы. Біздің жүргізіп отырған саясатымыздың дұрыстығын барлығы бағалап отыр. Дүниежүзі шуылдап отырған тоқырауға біз былтыр осы уақытта тап болдық. Сол кезде, естеріңізде болса, 4 миллиард доллар ақша бөліп, шара қолдандық. Осының арқасында біз өте қиын жағдайға түсіп отырған жоқпыз.

 
А.Шораев: Сегодня мир переживает серьезный продовольственный кризис и многие государства надеются на то, что Казахстан будет наращивать свой продовольственный потенциал и станет важным фактором в обеспечении глобальной продовольственной безопасности. Не получится ли так, что, ориентируя свое сельхозпроизводство на внешние рынки, наша страна сама столкнется с нехваткой сельхозпродукции?

 
Президент РК Н.Назарбаев:

Как ни парадоксально, но в классической экономике говорится: «Кризис, конечно, плохо, но это и немалые возможности». В данном случае это относится к нашему сельскому хозяйству.


Как ни парадоксально, я думаю, что сельское хозяйство находится сегодня в выгодном положении. Спрос на продукцию очень большой, цены на продовольствие повысились, и нашим сельхозпроизводителям стало выгодно производить товары. Выросла в цене пшеница и другие продукты, поэтому мы должны сейчас помочь сельскому хозяйству.


Нам надо все делать для того, чтобы перерабатывать сельскохозяйственную продукцию и вывозить ее на внешние рынки. Это, однако, не означает, что все, что у нас есть, мы будем вывозить. На экспорт вывозится только то, что производится сверх того, что мы сами будем потреблять. В связи с ростом цен, и тем, что мы покупали продовольствие у других государств и вместе с их высокими ценами завозили инфляцию, государство в этом году специально выделило 135 миллиардов тенге для того, чтобы увеличить производство тех продуктов, которые мы закупаем по импорту. Это – масленичные культуры, овощи и фрукты, сахарная свекла, бахчевые культуры. На увеличение производства этих культур и были выделены деньги. Знаю, что в южных областях, в частности, в Шымкенте, используя капельное орошение, сейчас производят продукцию в 10 раз больше, чем мы собирали раньше с одного гектара.

 
Например, наши аграрники, используя влагосберегающую технологию, даже несмотря на то, что этот год выдался очень трудным, собрали 17 миллионов тонн. По старым меркам это миллиард пудов. Увеличение использования минеральных удобрений также дает хорошие результаты. Поэтому мы не должны этого бояться. Сегодня государство создало запасы для страны, для каждой области по пшенице, по молоку, мясу, овощам, фруктам и т.д. И мы будем всегда работать над тем, чтобы в таких ситуациях, когда существует большой спрос на продовольствие, еще выше поднять возможности сельского хозяйства, дать им заработать деньги, получить новую технику и технологию, и подняться на совершенно новый уровень.  
Когда я проводил совещание в Таразе по минеральным удобрениям, я говорил, что Казахстан должен потреблять 2,6 миллиона тонн удобрений в год. Сегодня мы потребляем чуть больше 200 тысяч тонн. То есть мы имеем большие резервы. Применение удобрений поднимает урожайность на 25-30%. Если, к примеру, мы имеем 11-12% тонн с гектара, то при применении урожайности этот показатель может составить 15-16% тонн с гектара. Это тоже мало.

 
Другие страны, например, Китай, получают 50-60 центнеров с гектара без орошаемых земель. Нам надо теперь использовать эти резервы. У нас имеется 6-7 миллионов гектаров, которые можно снова ввести в оборот. Мы сейчас строим крупные молочные комплексы. Например, в хозяйство «Родина» завезли 750 голов коров гольштейнафриз. Надой от одной коровы составляет 6-7 тысяч литров молока, тогда как раньше для получения таких показателей надо было держать 4-5 коров. Вот что такое новые технологии. Надо создавать такие же крупные откормочные хозяйства, где мы будем производить мясо, перерабатывать, расфасовывать и поставлять как экологически чистое. Это поднимет объемы нашей экономики, и поднимает сельское хозяйство на современный уровень.

 
Ф.Курепин: Нурсултан Абишевич, во многих странах мира частный сектор получает очень мощную финансовую поддержку от государства, которое выкупает крупные пакеты акций и в банках и в финансовых компаниях и фактически спасает их от разорения. Иногда даже дело доходит до национализации. Насколько активной будет роль государства в поддержке частного сектора здесь у нас в Казахстане?  
 
Президент РК Н.Назарбаев:

Опять же наблюдая за процессами, которые происходят в мире, мы видим, что только США и Европа буквально неделю назад национализировали 6 крупнейших компаний – банков и инвестиционных компаний. И этот процесс продолжается – Великобритания объявила о национализации своих банков, и т.д. То есть мы видим, что сегодня роль государства повышается. Если вы помните, дошло до того, что на совещании министр финансов ФРГ говорил в целом о крахе англо-саксонской системы экономики, то есть капиталистической системы экономики в целом, когда все отпущено на свободу. В кризисных ситуациях регулирующая роль государства повышается. Возможно, мы тоже придем к этому, но сразу хочу сказать, что такой необходимости нет. Наши банки сегодня сами пока рассчитываются с внешними кредитами. В этом году вообще такой проблемы не существует. Это возможность спасения не банков, а экономики в целом. Когда государство берет на себя ответственность, оно вкладывает деньги в банки и банки начинают работать.


Если мы говорим о том, что банки – это кровеносные сосуды экономики, то это значит, что эти сосуды должны работать. Их подпитывать надо и для этого все это делается, для спасения экономики в целом. Именно поэтому я поставил задачу срочно рассмотреть проект закона по финансовой стабильности. В этом законе будет прописано, какие действия мы должны предпринимать.  
Если государство вкладывает свои деньги в акции наших компаний, то у банков остается возможность потом назад выкупить эти банки. Вот эти деньги, которые мы будем давать. Конечно, мы будем помогать банкам, но не просто так – ведь это деньги народа.

 
Регулирующая роль государства может быть необходима в будущем, но сегодня такой необходимости как на Западе, у нас нет.

 
Ж.Омаров: Господин Президент, в условиях финансового кризиса, как правило, наблюдается отток иностранных инвестиций с развивающихся рынков. Какие меры планирует предпринять Казахстан для сохранения инвестиционного климата?

 
Президент РК Н.Назарбаев:

У нас отток капитала нет, а вот притока меньше стало. Это проблема. Мы собираемся строить в Балхаше крупную ТЭЦ стоимостью до 3 миллиардов долларов. Уже сегодня есть компании, которые хотят вложить в этот проект средства. Это китайские, японские, южнокорейские компании.

 
Есть другие проекты. В Экибастузе российская компания «Русал» хочет построить алюминиевый завод, теплоэлектроцентраль, расширить ГРЭС-2.

 
Или в Таразе я проводил совещание. Туда приехали инвесторы наши, российские, зарубежные, которые тут же предложили инвестиции на 5 миллиардов американских долларов на строительство новое предприятие по производству фосфорных удобрений. Или на строительство химического завода в Павлодаре по производству каустической соды, которая необходима в любой промышленности. Если все это взять общим объемом 5 миллиардов долларов. Инвесторы готовы 500 млн долларов вложить уже в следующем году.  
 
Таких проектов много. Эти вопросы надо быстрее решать. Мы должны сказать о том, что Налоговый кодекс, который сейчас рассматривается, предусматривает снижение налогов. Корпоративного подоходного налога на с 30 до 15% в 2011 году. Таких преференций ни у кого нет. Мы позволили малому и среднему бизнесу переносить свои долги от 3 до 10 лет. Это очень большая помощь. В целом эта помощь это 300 миллиардов тенге ежегодно, которая остается в компании.

 
У нас есть несколько свободных экономических зон, где вообще исключительные преференции даны по земле, по налогу, по всему. То есть вот такой инвестиционный климат, который есть в Казахстане, должен привлекать. И самым главным образом в это время в бурлящем мире уважают те государства, где стабильная политическая ситуация, экономическая и законодательная ситуация. Думаю, что мы будем продолжать работать.  
 
А.Шораев: Жақында Сіз облыстарға жұмыс сапарыңызды аяқтадыңыз. Аймақтардың қазіргі даму деңгейі қандай?  
 
Президент РК Н.Назарбаев:

Қазақстанның экономикасы қандай дамып келе жатса, аймақтардың да экономикасының даму қарқыны сондай. Мен биыл барлық облыстарды аралап шықтым, жағдайды көрдім.

 
Ең бірінші мәселе, үй құрылыстарының мәселесін айтып отырмыз ғой, барлық облыстарда биыл былтырғыдан үй көп салынатын болады. Менің көргенім, мектептер, балабақшалар, ауруханалар мемлекеттің бағдарламасы бойынша уақытында салынып жатыр. Жалпы өндірістің өсу қарқыны төмендеген жоқ. Былтырғыдан жоғары.  
 
Ауыл шаруашылығының өнімі де былтырғыдан 20 пайызға жоғары. Мен айтқан жобалар, инфрақұрылым жобалары, өндіріс жобалары облыстарда ғой. Мысалы, тек қана бір Ақтөбенің өзінде 51 жоба іске қосылайын деп отыр. Жамбыл облысының өзінде 20-дан аса жоба іске қосылайын деп отыр. Химиядағы, энергетикадағы өндірістердің барлығы сол облыстарда. Сондықтан облыстардың жағдайы жақсы деп санаймын. Мынадай жағдайда олар бюджеттің қаражатынан жергілікті шағын және орта бизнеске, құрылысшыларға көмектесіп, жағдайды өздері шешіп отыр.

 
Биылғы жылы бүкіл Қазақстан қысқа дайын. Тамақ бар, отын бар, Құдайға шүкір. Сондықтан, бұл қыс дұрыс өтеді деп санаймын.


****


По областям обстановка. В этом году я объездил все регионы Казахстана. Во всех областях народ спокойно работает, живет, благодарен политике, которую мы проводим, благодарны той стабильности, которая есть в стране. Везде намечается большой рост. В некоторых областях, например в Северном Казахстане, рост объмов строительства жилья увеличится в два раза, в Акмолинской области в 1,4 раза, в Актюбинской области – 1,3 раза. Везде объемы жилищного строительства растут.

 
Рост промышленного производства также будет больше чем в прошлом году. Конечно, темпы роста будут ниже – это не страшно.

 
Инфляции у нас держится в объеме 8%, я думаю, по итогам года будет 10%, что является очень хорошим показателем на уровне других государств мира.

 
К зиме все области подготовлены, продовольствием все регионы обеспечены, тепло будет, на столе все будет. Я думаю, наши граждане будут обеспечены всем необходимым.

 
Омаров: Нурсултан Абишевич, государство ведет большую работу по укреплению системы социальной поддержки населения. Это хорошо видно по выполнению тех поручении, которые Вы даете в ежегодных посланиях. Могут ли нуждающиеся граждане и в будущем рассчитывать, что эта ежегодная помощь будет увеличиваться?  
 
Президент РК Н.Назарбаев:

Конечная цель государства – улучшение благосостояния нашего народа. Благосостояние его повышается только в том случае, если экономика Казахстана будет иметь на это необходимые средства.  
Все эти годы в своих посланиях народу Казахстана я объявляю об увеличении объемов средств, направляемых на социальную поддержку населения.

 
В настоящее время мы также осуществляем предвыборную программу партии «Нур Отан», которая также предусматривает реализацию социальных программ.


На открытии сессии Парламента Республики Казахстан 2 сентября я говорил о том, что в следующем году пенсии и заработная плата работников бюджетной сферы будет повышена на 25%, в 2010 году еще на 25%. Это все будет реализовано. Также предусмотрена поддержка многодетных семей, выплата пособий на рождение второго ребенка, увеличение пособий по инвалидности.

 
Несмотря на нынешние трудности, все взятые обязательство государством будут выполняться.  
 
Не дай бог, если что-то экстраординарное случится – тогда мы будем честно советоваться с народом. Но не такая сейчас у нас ситуация. Люди могут быть спокойны.

 
В ближайшие три годы мы построим 245 школ. В 2007 году 77 школ было построено. В этом году 92 школы. 1100 детских садов будет восстановлено по Казахстану.

 
Я также говорил о программе «100 школ, 100 больниц», о строительство 20 интеллектуальных школ. Только в Астане в этом году мы введем в эксплуатацию две такие школы - физико-математического и химико-биологического направления. Это будут школы, куда будут набирать талантливых детей, с тем, чтобы готовить их к будущей научной деятельности.

 
Финансирование сферы образования увеличилось в 7 раз. В 5-6 раз увеличено финансирование здравоохранения.  
 
В результате 4 тысячи детских больниц получили совершенно новое оборудование. 2500 врачей мы обучили на Западе у тех фирм, которые нам поставляют оборудование.

 
В Астане заканчивается строительство медицинского кластера, в который входят шесть крупнейших медицинских центров.

 
Мы направляем средства на лечение сердечно-сосудистых, онкологических заболеваний, профилактику и лечение туберкулеза.

 
Сегодня более 9 тысяч больных нуждаются в операции - аортокоронарном шунтирований. Возможности медицины Казахстана позволяют проводить только 2 тысячи операции. К 2010 году мы сможем проводить в Казахстане необходимое количество операции, спасем тысячи жизней, а казахстанцы не будут тратить большие средства, чтобы делать операции за рубежом.

 
Проблем еще достаточно. Но, смотрите, какими темпами государства занимается этими вопросами.

 
Здоровье и образование людей - на первом месте. Если мы хотим стать конкурентоспособной страной, то наши люди должны быть здоровыми и образованными.

 
Но это в большей степени зависит и от нас самих. Каждый человек сам должен заботиться о своем здоровье.

 
****

 
Елге білім беру, денсаулық жағын алып қарайтын болсақ, Қазақстанда ешуақытта, бүкіл тарихымызда мұндай шаралар қолданылған емес.

 
240 мектеп үш жылдың ішінде қашан салынды? Бір жылдың ішінде 77 мектеп, биыл 92 мектеп. Мен айтқан бағдарлама бойынша, өздеріңіз қараңыздар, қанша нәрселер салынып жатыр. Соның барлығы мемлекеттің елге деген қамқорлығы болып саналады.

 
Денсаулықты сақтау мәселесін қазірден бастау керек. Біз қазақ баяғыда қалай өмір сүрдік, солай келе жатырмыз. Той-домалақты жақсы көреміз, ішкен тамағымызға қарамаймыз. Спортпен шұғылданбаймыз.  
Қарап отырсақ, қазір тәуелсіз ел болдық. Міне, 17 жыл тәуелсіздігімізді орнықтырып, нығайтып келеміз. Бірақ, мысал үшін, мына футбол командасын алайықшы, қазақтың балалары қанша соның ішінде? Орыстарға қарасаң, басқасына қарасаң, баласын жас кезінен «сен музыкаға бар, биге, спортқа бар» деп тәрбиелейді. Біздің қазақ «доп ойнаған тозады, қой бағып, сорпа ішкен озады» деген сөзбен келе жатыр, әлі күнге дейін. Сондықтан жас ұрпақты, балаларды дұрыс тәрбиелеп, баулуымыз керек. Өзімізден бастауымыз керек. Мемлекет бұл бағыттағы барлық шараларды қолданып отыр.

 
Ә.Алпысбай: Құрметті Президент мырза! Соңғы уақыттағы әлемдік оқиғаларға Қап тауындағы жағдайға үңілген сайын көпұлтты Қазақстандағы тұрақтылықтың соншалықты өзекті екеніне көзіміз жетіп отыр. Екінші мәселе, мынау мемлекеттік тіліміздің мәртебесі, қолдану аясының кеңеюі жөніндегі жайт, осыған өзіңіздің бастамаңызбен республикалық қор құрылып, істер атқарылуда. Енді оның қандай жағдайда жүріп жатқаны туралы ойыңызды білгім келеді?

 
Президент РК Н.Назарбаев:

Қазақтың тілі деп байбалам салып жүрген ағайындарымыздың сөзінің барлығын мен естіп жатырмын. Бұл мәселеге бір қазақтың іші ашитын болса, менің ішім ашиды. Біз өзіміз тілімізді ардақтауымыз керек.  
 
Ол ағайындарымыздың айтатыны былай: неге мынау Үкімет, Парламент ертеңнен кешке дейін қазақша сөйлемейді? Дұрыс. Парламент сөйлеуі керек, оған сөйлеткіземіз. Үкімет басшысынан бастап барлық мемлекеттік қызметкерлер сөйлеуі керек, сөйлейді. Үкіметтің ішінде синхрондық аударма бар.


10 миллион қазақ дейік, соның қаншасы қазақша сөйлемейді. 6 миллионы түсінеді, 4 миллионы түсінбейді. Әрине, бұл деген масқара. Ол Совет Одағының жасаған саясаты бізге деген.

 
Мен қай қазақтан кем сөйлеп отырмын, қазақша? Әрине, біздің азаматтардың қазақ тіліне қамқор боп жүргеніне мен ризамын. Себебі, айту керек, сөйлеу керек. Оны өз арасында күбірлеп отырмай, мынау солтүстіктегі қазақша білмейтін өзіміздің ағайындарға жеткізу керек, үйрету керек. Солай емес пе?

 
Мен жақында қазақ тіліне қамқор болатын қор құрдым. Әдейі. Ол қордың басшылығына нағыз жанашыр, іс адамдарын апарып қойдық. Ол неге керек? Бүгінгі күні бүкіл қазақстандықтардың, қандай ұлт өкілі болса да, қазақ тіліне деген ынтасы бар. Сол ынтаны қолдап жіберуіміз керек. Тілді оқытатын мектептер құрып, әрбір мекеменің ішінен курстар ашу қажет.

 
Екінші, заңда жазылған, халықпен жұмыс істейтін адамдар, мысалы, мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді білуі тиіс. Оларды жұмысқа алған кезде мемлекеттік тілді игеру деңгейін қадағалау керек.  
 
Бұл мәселеде сабыр да керек. Кешегі Кавказдағы жағдай кезінде, Ресейдің кейбір саясаткерлері бізден басқа ешкім жоқ деп көкірек соққан кезде, сол Ресейдің ішіндегі басқа ұлттар не ойлап отырды? Біз не ойлап отырдық? Біздің ішімізде тұрып жатқан ағайын не боп отырды? Сондықтан, тағы да айтамын, бұл мәселеде сабырлылық керек.

 
Бұл мәселе біреудің керітартпалығынан, қазақ тіліне жаны ашымағанынан туындап отырған жоқ. Ең бастысы, қазақтың тілінің болашағы – Қазақстанның тәуелсіздігінде. Тәуелсіздігіміз беки берсе бәрі бәрі де өз орнына келеді.  
 
Халықтың мүмкіндігінше бақуатты болғанын мен де қалап отырмын. Біз барлығы да тез болса екен дейміз. Бірақ, ол болмайды. Келе жатқан арбаны шұғыл бұрып, аударып тастауға да болады. Қазақтың мақалы бар ғой: «Асықпасаң, арбамен қоянға жетесің» деген.

 
Біз жас-кәрі демей, еліміздің болашағын, қазақтың мәдениетін, тарихын, қазақтың тілін ойлайтын болсақ, елдің іші шайқалмауын ойлауымыз керек. Елдің іші шайқалатын болса, ертеңгі күні бөлініп шығамыз дегендер толып жатыр. Ол бізге керек емес. Сондықтан біз өзіміз қазақша сөйлеп, өзге ұлттың адамдарын тартуымыз керек. Қазір жастардың ішінде қандай, мектепке барсаң, украины болсын, орысы болсын, басқасы болсын, барлығы сайрап тұр.

 
Бізге ұлттық намыс керек. Бірақ біз шаруамызды басқаның намысына тимей жасауымыз керек. Баяғыда біздің намысымызды таптады деп, біз де біреуді жаншимыз ба? Сөйтіп елдің ішін бөлеміз бе? Ондайда қоқаңдап шыға келетін ағайын төңіректе толып отыр. Соны тілеп отыр. Қазақтың ішіне іріткі салуды, Қазақстанды әлсіретуді көксеп отыр. Ал әлсіреген мемлекет, өз ішінде татулық жоқ мемлекет өзгеге кіріптар болады. Құдай содан сақтасын. Біздің күштілігіміз, мықтылығымыз ең алдымен қазақ халқына керек. Болашағына керек. Сендер ақпарат құралдарында осыны түсіндіріп, айтуға тиіссіңдер.

 
Әрине, мұның барлығы қазақ тілінің мәселесін қоя тұрайық деген сөз емес. Жоқ, қоя тұрмаймыз, бұл бағыттағы іс-шараларды жүргізіп жатырмыз, жүргізе береміз.

 
Ф.Курепин: Нурсултан Абишевич, Вы сегодня очень много говорили о стабильности и о безопасности. Я бы хотел Вас спросить о международно-политической безопасности, потому что кризисом сейчас охвачена не только мировая финансовая система, но и система глобальной безопасности. Многие конфликты в разных странах решаются силовым путем - это приводит к еще большему напряжению в самых разных регионах планеты. Верите ли Вы в то, что действительно можно преодолеть этот затяжной период глобальной нестабильности?  
 
Президент РК Н.Назарбаев:

Очень важный, большой вопрос. К сожалению, для большого оптимизма оснований нет. Особенно после событий на Кавказе вся парадигма мировых взаимоотношений, мировой безопасности изменилась. От однополярности мы все же, как я всегда говорил, приходим к многополярности. Мы хотим именно этого. Наверное, многополярность появится после этого и в финансовой системе мира, которая показала свою слабость и невозможность решения крупнейших мировых проблем. Посмотрите, каждый день встречаются мировые лидеры «большой восьмерки» и Европейского союза. Министры финансов решают вопросы, которые угрожают практически обвалом экономики всего мира.

 
То есть очень сложно говорить, что мир договорился о чем-то и стал на какую-то общую стезю. В глобальном плане мировая система безопасности находится под большим испытанием. Я считаю, что Организация Объединенных Наций все же должна взять главную роль в вопросах войны и мира. В вопросах безопасности все государства должны согласовать и выработать единые меры по разрешению конфликтных ситуаций в мире. Этого пока нет - идет конфронтация Запада и Востока. В последнее время российско-западные отношения очень сильно ухудшились. Все это говорит о том, что альтернативы консенсусу и переговорам нет. Решать надо вопросы мирным путем.

 
Поэтому мы инициировали Совещание по мерам доверия в Азии, где очень много конфликтов. Поэтому мы говорим о диалоге цивилизаций, о Съезде мировых религий. Поэтому Казахстан активно выступает за интеграцию в экономике, в СНГ, допустим. ЕврАзЭС – это наша идея. Я продолжаю предлагать создание Евразийского экономического союза. Я думаю, что Россия, Казахстан, Беларусь все же создадут экономический союз. Это будет первый шаг в создании зоны свободной торговли, где сможем нормально завтра работать и покажем пример всем другим странам.

 
Тот факт, что мы решили вопрос границ вокруг Казахстана, а также то, что у нас стабильные и добрые отношения со всеми соседями - Россией, Китаем, южными соседями, все это создает феномен того, что мы называем сегодня «казахстанский путь». Без стабильности нет развития. Поэтому осуществление всех наших планов особенно в этот трудный период заключается в том, чтобы казахстанское общество было консолидировано, поддерживало стабильность, как поддерживало все эти годы, укрепляло межнациональное согласие и межрелигиозную терпимость между народами. В нашей стране вырабатывается совершенно новая культура. Казахский народ отвечает за благосостояние всех казахстанцев, в то же время все другие народы консолидируются, идентифицируются и становятся настоящими гражданами страны, которая заботится о его будущем, а значит заботится о спокойной жизни своих детей. 

****

Тәуелсіздікті сақтау туралы қанша айтсаң да оның артықтығы жоқ. Егер біз Кавказдағы соғыс болған кішкентай мемлекеттер сияқты шекарамызды шешпеген болсақ, жанжал бізде де шығар еді. Біз дер кезінде, уақтысында шекарамызды тастай ғып шегелеп, шештік. Солтүстікпен де, шығыспен де, оңтүстікпен де. Бұл – бірінші мәселе.  
 
Екінші, елдің ішіндегі тыныштықты сақтап отрымыз. Біз соның арқасында өркендеп, өстік. Қазір экономика төмендеп, 5 пайызға ғана өсіп отыр ғой. Құдай бұйыртса, мынау тоқыраудан кейін өсу басталады. 1997-1998 жылғы дағдарыстан кейін біз қалай көтерілдік. Бұл да дәл сондай болады.

 
Осындай дағдарыс кезінде, әскери тілмен айтқанда, біз тылымызды, арқамызды жөндеп алуымыз керек. Себебі, экономиканың өсуіне энергетиканың шамасы жетпей жатыр, теміржолдағы жүк тасымалы, автокөлік жолдары жетіспей жатыр. Соның барлығын қазір салып алуымыз керек.

 
Көлік қатынасын қамтамасыз ететін жолдар салуымыз керек. Кеше көрдіңіздер ғой, Астана мен Бурабайдың арасында тұңғыш Қазақстанның алты жолдық автобаны салынды. Дәл сондай жолдар салуымыз керек. Осы іс-шараларға салынған ақша бекер кетпейді. Ол – экономикаға салынған ақша.

 
Әлеуметтік нысандар, соның ішінде мектептер, ауруханалар тұрғызуымыз керек. Қолы бос адамның бәрін осы іске жұмылдырған жөн. Мұны шешуді халық бізге тапсырып отыр – маған, Үкіметке, Парламентке. Біз күндіз-түні осы мақсатқа жұмыс істеуге тиіспіз және істеп жатырмыз.


Все выступления
 
Другие события
Все события