Категории разделов
Календарь событий
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
 
 
1
234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
 
 
Все события

Выступления

3 сентября 2012
Выступление Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева на открытии второй сессии Парламента Республики Казахстан пятого созыва

Қымбатты депутаттар!

 

Баршаңызды Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаймын.

Сіздер ала жаздай ел аралап, халықтың тыныс, тіршілігімен таныстыңыздар.

Сондықтан, жаңа сессияның  жұмысына тың қарқынмен, белсене кірісетіндеріңізге сенімдімін. 

Парламенттің осы сессиясы өзінің жұмысын жаңа әлеуметтік-саяси жағдайда бастағалы отыр.

Біріншіден, Қазақстан барынша қарқынды дамып келеді.

Ішкі жалпы өнімнің өсімі 5.6 процент болды.

Мемлекеттік бюджеттің түсімі 25 процентке жуық өсті.

Еліміздің халықаралық қоры 15 процентке артып, 83 миллиард доллардан асты.

«Өнімділік - 2020» мемлекеттік бағдарламасы белсенді жүзеге асырылып жатыр.

Елімізде өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі бір жарым мың долларға артып, 25 мың долларға жетті.

Ауылшаруашылығына, оның ішінде орман және балық шаруашылығына құйылған инвестиция 56 процентке артты.

Қолдағы өндіріс орындарының бірқатарын жаңғырту жұмыстары қарқынмен жүргізілуде.

Бүгінге дейін 440-тан астам жаңа индустриялды кәсіпорын іске қосылды.

Олар жалпы құны 800 миллиард теңге болатын өнімдер шығарып үлгерді.

Бұл кәсіпорындарда 50 мыңнан астам жұмысшы табысты еңбек етіп жатыр.

Жалпы алғанда, еліміз жаһанды жайлаған дағдарыстың ең қиын зардаптарын жойып, тұрақты дамудың даңғылына түсті.

Екіншіден, менің әлеуметтік жаңғыру жөніндегі бастамаларым барша қазақстандықтар тарапынан  қызу қолдауға ие болуда.

Қоғамымыз әлеуметтік дамудың нақты бағдарын айқындап алды.

Ол бағдар – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Мен елімізді көздеген мақсатқа жеткізетін 20 міндетті анықтап, құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар бердім.

Үкімет оны тиімді жүзеге асырып жатыр.

Осынау келелі іске халық қалаулылары да белсене атсалысуға кірісті.

Осылайша, еліміз бұрынғысынан да жағымды әлеуметтік үрдістерге ие болды.

«Еңбекпен қамту 2020» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары табысты жүзеге асырылуда.

Жұмыссыздықтың деңгейі 5.2 процентке дейін төмендеді.

Өзін-өзі қамтыған тұрғындардың үлес салмағы азайып келеді.

Бірнеше жылдан бері ол бірінші рет еңбекке жарамды барша қазақстандықтардың үштен бірінен азайды.  

Тек биылғы жылдың өзінде 150 мыңға жуық адам жаңа жұмыс орынына ие болды, олардың үштен бірі бұрын өзін-өзі қамтыған азаматтар.  

Еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша 110 мыңнан астам адам әлеуметтік шарттар жасасты.

Осы шарттардың аясында жаңа кәсіпке ие болған 96 мың азаматтың тең жартысы жасы 29-ға жетпеген жастар.

Бұл – тұрғындар экономиканың нақты секторына бет бұрғанын көрсетеді.

Биыл Қазақстанда бірінші рет науқасқа донордың жүрегін ауыстырып салу операциясы табысты жүзеге асты.

Бұл ретте жас отандасымыз Игорь Воротников бүгінде барша қазақстандықтардың аузынан түспей жүрген ізгі қадам жасады.

Анасы мезгілсіз қаза болып, қасірет жұтқан ол ең қиын сәтте өзге адамдардың өміріне араша түсе алды.

Игорь анасының жүрегі мен бүйрегін донор мүшесіне мұқтаж адамдарға беру туралы шешім қабылдады.

Сөйтіп, тағдырлары қыл үстінде тұрған екі адамға – Жәнібек Оспанов пен Евгений Курцқа жаңа өмір сыйлады.

Анасынан айырылған ол қаны бөлек болғанмен, жаны бір бауырлар тапты.

Ойлап қарасақ, орыстың баласы анасының жүрегін қазаққа, бүйрегін неміске тапсырды.

Операцияны ұлты кәріс Юрий Пя чех әріптесі Жан Пиркпен бірге жасады.

Міне, Қазақстандық бірлік деген осы.

Бұл нағыз азаматтың ісі.

Менің халық бірлігі туралы идеям қарапайым өмірде осылай көрініс тапқаны қуандырады.

Әрбір отандасымыздың денсаулығы  - мемлекет үшін ең басты байлық, ең негізгі құндылық.

Менің тапсырмам бойынша елімізде ұлттық скринингтік бағдарлама қолға алынуда.

Онда аса күрделі ауруларды науқастың алғашқы сатысында-ақ анықтауға мүмкіндік жасалады.

Күллі еліміз бойынша жаңа емдеу орындары мен мектептердің құрылысы жалғасын табуда.

Осының барлығы менің тапсырмам бойынша үкіметтің атқарып жатқан жұмыстарының нақты нәтижелері.

Осы қарқыннан танбау керек.

Үшіншіден, Қазақстан, Беларусь және Ресей елдерінің Біртұтас Экономикалық Кеңістік аясында бірігу үрдісі үшжақты келісім-шарттардың күшіне ену кезеңіне сеніммен аяқ басты.

Еуразия Экономикалық Комиссиясы табысты жұмыс істеуде.

Оның мәліметтеріне жүгінсек, биыл Қазақстанның Біртұтас Экономикалық Кеңістіктен тысқары, сыртқа  шығарылған экспорттық өнімдерінің көлемі 13.5 процентке, ал импорты 38 процентке артқан.        

Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің ішіндегі өзара сауда-саттық 13 процентке артты.

Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылу жолындағы келіссөздері де сөреге жақындап келеді.

Бұл біздің экономикамызға көптеген өзекті міндеттер жүктейді.

Ондай міндеттердің қатарында   заңнамалық базаны жетілдіру мәселесі де бар.

Төртіншіден, біз жаһандық даму үрдісіндегі қиындықтарды назардан тыс қалдыра алмаймыз.

Әлемдік экономика тоқырау мен тұралаудан әлі де арыла алмауда.

Тіпті, ең оптимистік сараптамалардың өзі Әлемдік жалпы өнім биыл 2.5, ал 2013-жылы 3.2 процентке ғана өседі деп болжап отыр.

Еуропаның дербес қарызының дағдарысы шиеленісе түсу қаупі әлі де сейілген жоқ.

Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс бұдан бұрын да болғандай күллі дүниежүзіне өзінің зардабын тигізуі мүмкін.

Барлығымызға осындай күрделі жағдайда жұмыс істеп, аса жауапты шешімдер қабылдауға тура келеді.   

 

 

Уважаемые депутаты!

 

Хочу отметить, что нынешняя трёхпартийная модель Парламента хорошо себя зарекомендовала.

В период первой сессии принято 36 законов.

По всем из них между Правительством, а также всеми партийными фракциями и депутатскими группами найден политико-правовой консенсус.

Этот позитивный деловой настрой должен стать отличительной особенностью всей работы второй сессии Парламента.

Теперь конкретно о главных законотворческих задачах на предстоящий период.

Первое. Бюджетный процесс.

В ходе сессии предстоит разработать новый трёхлетний бюджет.

В условиях осложнения глобальной экономической ситуации подход к его формированию может быть только один.

Это экономичность и эффективность бюджетных расходов.

Правительство, уточняя бюджет текущего года, по моему поручению уже сократило бюджетные расходы почти на 57 миллиардов тенге.

Считаю, что есть ещё резервы для сокращения и бюджетной экономии.

Расходы, не обеспечивающие экономический рост и занятость населения, рассматриваться не должны.

Правительству надо продолжить анализ государственных программ.

Если нет отдачи, то надо перераспределять средства в другие сферы и направления.

Надо укреплять финансовую дисциплину.

В 2011 году общий объём средств, израсходованных с нарушениями, составил почти 300 миллиардов тенге.

К ответственности привлечено 6 политических и более 130–ти административных госслужащих.

Важная задача – создать законодательные барьеры для теневой экономики и попыток вывода «в тень» бюджетных средств.

Также надо усилить контроль над внешним и внутренним долгом.

Второе. Улучшение правовой базы экономического роста.

В этом плане центральный вопрос – обеспечение эффективных экономических отношений в Казахстане в условиях интеграционных процессов в рамках ЕЭП и предстоящего вступления в ВТО.

Поручаю Правительству сформировать специальный пакет законопроектов по ратификации обязательств, принимаемых при вступлении в ВТО.

Наша политика должна базироваться на ежечасном анализе и долгосрочном прогнозе региональных рынков.

Сейчас важно пересмотреть всю систему поддержки казахстанского содержания, особенно в обрабатывающей промышленности, аграрном комплексе, малоконкурентных отраслях.

Все страны мира поддерживают своего производителя.

Этот опыт важен для нас.

Поручаю Правительству совместно с Фондом «Самрук-Казына» проанализировать мировую практику и выработать собственную модель поддержки казахстанских товаропроизводителей.

Важно внедрить новые законодательные нормы для аграрного, индустриально-инновационного и финансового секторов.

Важный аспект работы законодателя – создание правовых условий для перехода к «зеленой экономике», основанной на возобновляемой энергетике и экологически чистых технологиях.

В этом суть нашей глобальной инициативы «Зеленый мост».

Поэтому нужно расширять законодательные стимулы к энерго- и водосбережению, использованию «зеленых технологий», развитию экологического туризма.

Третье. Ключевое направление законотворчества на ближайшие годы - это социальная модернизация.

В своей статье «20 шагов навстречу Обществу Всеобщего Труда» я назвал, по крайней мере, 10 действующих законодательных актов, в которые необходимо внести дополнения и изменения.

Также  предстоит принять новые законы о социальных рабочих местах, системе профессиональных квалификаций и другие.

Парламентарии должны смотреть на жизнь глазами простого человека.

Простые казахстанцы ежедневно  сталкиваются с реальной жизнью, видят её в подъезде дома, на улице, в больнице, в школе, в магазине, в автобусе.

Людей волнует, как их обслуживают, тепло ли в квартирах, не протекает ли крыша?

Может ли каждый безопасно чувствовать себя в общественных местах?

Вот главные вопросы, которые волнуют простых казахстанцев.

Закон должен в комплексе решать вопросы, полноценно регулировать общественные отношения.

Казахстанские законы должны делать жизнь граждан комфортнее, быть понятными для каждого законопослушного гражданина.

Каждый день мы видим происшествия: нецензурная брань, хамство в общественном транспорте, нарушение правил дорожного движения, пьяных на улицах и в парках.

Нередко люди смотрят  на это безобразие сквозь пальцы.

Но в любой цивилизованной стране это – грубые нарушения правопорядка, которые не могут быть совместимы со статусом гражданина правового государства.

Поэтому механизмы правового ограничения должны, прежде всего, воспитывать граждан.

По моему поручению, в прошлом году, к 20-летию Независимости каждый город и аул должен был стать образцом уюта и благоустроенности.

Это наша общая работа, которую надо продолжать, сделать её правилом жизни номер один. Её нельзя забрасывать.

Сколько раз в разных городах брошенный с балкона окурок приводил к пожару!

Только недавно мы открыли в Алмате метро. Единственное на всю страну!

Кое-где в вагонах уже сиденья испорчены, есть надписи краской.

Это не ребячество и мелкое хулиганство, а преступление против государственной собственности.

Надо подумать над тем, чтобы трудовое искупление вины проходило по месту совершения правонарушения.

Оставил мусор в подъезде – месяц убирай и вымывай лестницы под контролем судебного исполнителя.

Разбил фонари в парке – не только возмести ущерб, но и, скажем, две недели убирай и подметай аллеи.

Вы же прекрасно знаете, например, в той же Америке и кинозвезды, и известные политики в качестве законного наказания подметают улицы за мелкие хулиганства.

Нам нужны простые и понятные законы, регулирующие общественный порядок, поведение людей в общественных местах.

Депутатам Парламента, парламентским партиям надо проявлять инициативу по принятию именно таких законов.

Четвертое. Пора переводить в практическую плоскость подходы к модернизации системы государственного управления и государственной службы.        

 

 

Құрметті қазақстандықтар, депутаттар!

Біздің бүгінгі табыстарымыз өздігінен келе салған жоқ.

Бұл барша халқымыздың 20 жылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Әрбір қазақстандықтың жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениетін тірек еткенде ғана біз 21-ғасырда елімізді өркендету мақсатына қол жеткізе аламыз.

Жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениетсіз тиімді экономика да, ел игілігіне жұмыс істейтін заңдар да, алға қарышты қадам басу да болмайды.

Өркениетті экономика мен құқықтық мемлекетті тек заңға сөзсіз бағынатын, елінің заңын сыйлайтын азаматтар ғана дамыта алады.

Қоғам мен мемлекет бірлесе, қол қоса қимылдай отырып, біз көздеген құқықтық мемлекет қамалының әрбір кірпішін қалауы, ақырында оны  түгелдей салып шығуы керек.

Күллі ел болып жұмыла кіріссек қана көздеген мақсатқа жете аламыз.

Баршаңызға жемісті еңбек тілеймін. 

Іске сәт! 


Все выступления
 
Другие выступления и обращения
Все выступления и обращения