National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты қабылдады

2019 жылғы 13 ақпан

Кездесу барысында Ғ.Әбдірахымов Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы шешім қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсы екенін атап өтті.

– Өткен жылы 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Орташа жалақы мөлшері 6,6 пайызға өсіп, 113 700 теңгеге жетті. Ал, жан басына шаққандағы орташа кіріс көлемі 19 пайызға артып, 60 427 теңгені құрады. Сіздің тапсырмаларыңызды орындау мақсатымен тұрғындар үшін жылудың тарифі 19 пайызға, судың тарифі 10 пайызға, газдың тарифі 5,8 пайызға және электр қуатының тарифі 6,8 пайызға төмендетілді, – деді қала әкімі.

Қазақстан Президенті берілген мәліметтермен танысқан соң, өңір әкімдері халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, коммуналдық қызметтердің тарифтерін реттеу, жолдардың сапасы, аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық қауіпсіздік, ауыз сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық көлік пен коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің жұмыстары жөніндегі мәселелерді әрдайым бақылауда ұстау керектігін айтты.

Мемлекет басшысы бұл мәселелер Қазақстан Президенті Әкімшілігінің ерекше бақылауында екенін атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің