Жаңалықтар

11 қараша 2010
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Босния және Герцеговинаның Төтенше және өкілетті елшісі Желько Янетовичтен, Парагвай Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Марсиал Бобадилья Гильеннен, Мавритания Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Сиди Мохамед Ульд Талебтен, Кувейт Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Науаф Абдель Азиз әл-Онейзиден және Чили Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хуан Эдуардо Эгигуреннен сенім гр

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өткеннен кейінгі әңгімелесу барысында елшілер Қ.Саудабаевпен біздің елімізбен өз елдерінің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті және Қазақстанның халықаралық бастамасына жоғары баға берді.

- Қазіргі уақытта Қазақстан мен Босния және Герцеговина өзара пайдалы қарым-қатынасын кеңейту мен тереңдетуге көзделген әлеуетті барынша пайдаланған жоқ. Сондықтан, мен барлық салаларда екі жақты карым-қатынастын әлеуетін одан әрі жүзеге асыруға өз күшімді барынша саламын, - деп атап өтті Босния және Герцеговинаның Төтенше және өкілетті елшісі Желько Янетович журналистермен кездесу барысында.

Марсиал Бобадилья Гильен Парагвай Қазақстанмен технологиялық даму, ғылым және спорт салаларында қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге қызығушылық барын мәлімдеді.

- Қазақстан мен Мавритания екі ел халқының игілігі үшін халықаралық ұйымдардың аясында белсенді қызмет жасайды, – деді Сиди Мохамед Ульд Талеб.

Кувейт Мемлекетінің елшісі Науаф Абдель Азиз әл-Онейзи Қазақстан мен Кувейт арасындағы қарым-қатынасты достық пен әріптестік ретінде сипаттауға болатынын, оның одан әрі өзара тиімді дамуы үшін үлкен әлеует бар екендігін жеткізді.

- Мен Астанаға бірінші рет келіп тұрмын. Астана мені өз әдемілігімен және ерекше сәулетімен таң қалдырды. Мен алдағы уақытта біздің қарым-қатынасымызды нығайту үшін Қазақстанның елордасына жиі келетін боламын. Екі жақты қарым-қатынасымызды ауыл шаруашылығында, металлургия және кен өнеркәсібінде дамыту қажет, – деп атап өтті Чили Республикасының елшісі Хуан Эдуардо Эгигурен.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар