Жаңалықтар

19 қараша 2007
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Рәшид Түсіпбековті қабылдады.


Бас прокурор Президентті еліміздегі заңдылықтар мен құқықтық тәртіптің сақталуы жөнінде, сондай-ақ прокуратура органдарының ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы хабардар етті.


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сатыбалды Ибрагимовпен болған кездесуде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі комиссиясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмысының нәтижелерін талқылады.


- Кездесуде сондай-ақ Парламенттің 2008 жылға арналған республикалық бюджетті қабылдауға қатысты бірқатар мәселелер жөніндегі жұмысы талқыланды, - деді Сатыбалды Ибрагимов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар