Жаңалықтар

24 маусым 2010
Бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмиді қабылдады.

Қ.Мәми Елбасына елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы баяндады. Сонымен қатар, су шаруашылығы құрылғыларында, сондай-ақ азаматтық авиация саласында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты тапсырмалардың орындалуы туралы хабарлады.

Тексерулер нәтижелері бойынша осы нысандардың меншік иелеріне гидробекеттер құрып, оларды құтқару құралдарымен жабдықтау және су деңгейін басқару жүйелеріндегі ақауларды жою жөнінде ұйғарым шығарылды. Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға 77 су шаруашылығының құрылғылары бойынша шара қабылдау тапсырылды.

Мемлекет Басшысы Бас прокурорға Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден қашқан сотталушыларға қатысты мәселені жеке бақылауға алуды тапсырды.

Бас прокурор Мемлекет Басшысына қылмыскерлердің түрмеден қашуына жол берген қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.   


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар