Жаңалықтар

22 қараша 2007
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Румынияда болды.

Бүгін таңертең Бухарестте Румыния Президентінің «Котрочень» сарайындағы салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Траян Басеску шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Тараптар Қазақстан мен Румыния арасында ешқандай саяси қарама-қайшылықтардың немесе экономикалық дау-дамайдың жоқ екендігін атап өтіп, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ екі елдің БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығын дамытуға және нығайтуға ниет білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар