Жаңалықтар

25 қараша 2006
Мемлекет басшысы «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды жүзеге асыру мәселелері бойынша Алматыда селекторлық кеңес өткізді.

Кеңеске Премьер-Министрдің орынбасары Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігі Басшысының Орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Ұлттық Банк төрағасы Әнуар Сәйденов, облыстар және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, министірліктер мен ведомстволар жетекшілері қатысты.

 

- Бұл Заңның негізгі мақсаты экономикамыздың неғұрлым ашық және транспарентті болуында, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Президент жүргізіліп отырған шараның мазмұны жайлы халыққа барынша мәлімдеме берудің қажеттілігін айрықша атап көрсетіп, үкіметке, облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының әкімдеріне мүлікті жария ету барысын анық және біртұтас қамтамасыз етуде барлық шараны қолдану керектігі жайлы тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар