Жаңалықтар

14 қараша 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Астанадағы Елшілігінің жаңа ғимаратын ашу рәсіміне қатысты.
289.jpg

- Осыдан бір жарым ай бұрын мен Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі ғимаратының алдында Тәуелсіздік монументін ашқан болатынмын. Бүгінгі күні біз АҚШ-тың Астанадағы Елшілігінің жаңа ғимаратын ашып отырмыз. Осы екі оқиға екі елдің нығая түскен әріптестік байланыстары мен болашаққа деген ұмтылысының жарқын көрінісі бола алады. Желтоқсан айында біз еліміз тәуелсіздігінің 15-жылдығын мерекелейтін боламыз. Америка Құрама Штаттары Қазақстан мемлекеттік дербестігін бірінші болып қолдаған елдердің бірі. Бүгін біз халықаралық тұрақтылықты, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай қырып-жоятын қару-жарақты таратпау, халықаралық лаңкестік пен эстремизмге қарсы күрес, демократиялық реформаларды қолдау мәселелері бойынша қарым-қатынастардың жоғары деңгейіне қол жеткіздік. Ынтымақтастықтың жинақталған тәжірибесі екі тараптың да мүддесі үшін алға қарай қадам басуға сенімді негіз болып табылады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Вашингтонда қабылданған Бірлескен мәлімдемеде американдық тарап Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі ұмтылысына қолдау білдірді. Біз американ бизнесінің ынтымақтастық шеңберін кеңейтуге, экономиканың өндірістік және инновациялық салаларына қаржы салуға ұмтылысын қолдаймыз. Сондай-ақ, біз оларды жан-жақты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатын екіжақты қарым-қатынастардың болашағына айрықша сеніммен қараймыз, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінде.

 
Қазақстан Президенті американ дипломаттары мен рәсімге қатысушылардың барлығын АҚШ-тың Астанадағы Елшілігінің ресми ашылуымен құттықтады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар