Жаңалықтар

4 қараша 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі британдық жазушы және мемлекет қайраткері, «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның құрылуы» атты кітаптың авторы Джонатан Айткенді қабылдады.

Кездесу барысында Д.Айткен Елбасыға Қазақстан жайлы жаңа кітап жазатыны туралы жоспарын айтты.

«Хабар» телеарнасына берген арнайы сұхбатында танымал ағылшын жазушысы және биографы тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне жоғары баға берді.

- Мен Қазақстан туралы керемет әсердемін! Бұдан 20 жыл бұрын бұл республиканы әлемде ешкім білген жоқ. Ал, бүгінде Қазақстан қол жеткізген табыстары арқылы халықаралық қоғамдастыққа кеңінен танымал болды. Нұрсұлтан Назарбаев елді көшбасшылық деңгейге көтерді. Бұл, расында,  таңданарлық құбылыс, - деп атап өтті Д.Айткен.

Джонатан Айткен – британ үкіметінің және парламентінің бұрынғы мүшесі. Үлкен саясаттан кеткеннен кейін әлемдік тарихтағы белгілі тұлғалардың өмірбаянын зерттеумен айналысқан ол бүгінде 12 кітаптың авторы. Оның қаламынан туған кітаптарға арқау болған Ричард Никсон, Джон Ньютон, Чарльз Колсон сынды тұлғалардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

- Мен әлемдік тарихта Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания тарихындағы Черчиллден кем рөл ойнамайды деп ойлаймын. Қазақстан Президенті қуатты ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан кезден бастап әлемдік деңгейдегі ірі саясаткерге айналды. Мен Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше сый-құрмет көрсетілгеніне куәгер болдым, - деді өз сөзінде британдық жазушы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар