Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

26 қаңтар 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қабылдады.

Ж.Досқалиев Президентке министрліктің 2009 жылғы жұмыс қорытындылары туралы хабардар етті. Өткен жылы сәби мен ана өлімі, туберкулез және жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының көрсеткіші едәуір төмендеді. Елімізде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуде. 

 

- Мемлекет басшысы жаңа міндеттер қойды. Медицинада және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесінде профилактикалық бағыттарды күшейту, халықты сапалы дәрі-дәрмектермен және азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешу қажет. Осы тапсырманың бәрі әзірленіп жатқан Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізін құрайды, - деді журналистерге арналған брифингте Жақсылық Досқалиев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар