Жаңалықтар

17 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Днепродзержинск металлургия комбинатында болды.

226.jpg

227.jpg

-Металлург кәсібіне ең алғашқы қадамдарымды жасаған сіздердің кәсіпорындарыңызда болу мені ерекше қуаныш сезіміне бөлейді. Осы уақыт аралығында мұнда көп нәрсе өзгерді. Сіздердің өткен жылдардағы экономикалық құлдырауды еңсеріп, жұмыс ырғағын жандандыра алғандарыңызға қуаныштымын. Әлбетте, барлық осы жетістіктердің түп негізінде – сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жатыр. Ал металлург еңбегінің қандай болатынын мен біреуден естуім арқылы емес, өз тәжірибем бойынша білемін, – деді Мемлекет басшысы комбинат ұжымының алдында сөйлеген сөзінде.

Президент металлургтерге қазақстандық индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негізгі бағыттары мен еліміздің металлургиялық өнеркәсібінің жай-күйі, Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастығының болашағы жөнінде әңгімелеп берді.

-Біз сіздерге нәтижелі реформалар тілейміз. Бірақ жетістік, әсіресе келелі ел құрылысы жолында жылдам келе қоймайды, ол тек үлкен еңбектің, төзімділік пен даналықтың нәтижесі болып табылатынын әрқашан да есте сақтау керек, – деді Қазақстан Президенті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар