Жаңалықтар

30 маусым 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы Таир Мансұровты қабылдады.

Т.Мансұров Президентке биылғы жылы 5 шілдеде Астанада өтетін ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің отырысын өткізуге дайындығы және ЕураАзЭҚ-ғы (Кедендік одақтың жоғары органы) туралы хабарлады. Бұл отырыста Кедендік одақтың күшіне енуі және Кедендік одақ мәселелерін қарау жөніндегі өкілеттікті кеңейтетін ЕурАзЭҚ соттары мәртебесінің жаңа редакциясы жөнінде маңызды құжаттар қабылданатын болады.

ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің төрағасы ретінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың 10 жылдығына байланысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің мәлімдемесінің мәтіні барлық тараптармен келісілгенін мәлімдеді.

Әңгімелесу барысында сондай-ақ алда өтетін ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесі отырысының күн тәртібі талқыланды.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар