Жаңалықтар

19 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Грузия Премьер-Министрі Зураб Ногаиделиді қабылдады.
105.jpg

Кездесуде энергетика, туризм, көлік инфрақұрылымы салаларындағы және қазақстандық компаниялардың Грузиядағы инвестициялық жобаларына қатысты екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 
- Біз сіздің елдің ең басты байлығы халықтар бірлігі және Қазақстанның экономикалық кереметтеріне негізделген сара саясат екендігіне тағы бір көз жеткіздік. Сіздің елдің «экономикалық тұрақтылық арқылы саяси жаңару» жөніндегі қағидасы барлық өңір үшін үлгі болып табылады, - деп атап көрсетті Грузия Үкіметінің басшысы журналистерге арналған брифингте.

 
Зураб Ногаидели екі ел арасындағы үкіметаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

 

- Үкіметаралық комиссия қазіргі кезде Қазақстан тарапынан инвестициялауды қарастыратын  біздің экономикамыздың барлық бағыттары - энергетика, электроэнергетика, туризм, инфрақұрылым салаларын қамтитын, Грузия үшін аса маңызды онға жуық жобаны талқылауда. Бұл Грузия үшін өте үлкен және нақты жобалар, - деді З.Ногаидели.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар