Жаңалықтар

30 маусым 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Даму Банкінің президенті Ахмад Мохаммед Али Аль-Маданиді қабылдады.

Әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды.

- Мен үшін Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу және оны алдағы елорда күнімен құттықтау үлкен құрмет. Мен Қазақстанның астанасы қандай қуатты қарқынмен дамып келе жатқанын, елдің экономикасының арта түскенін көріп отырмын. Бұған Президент Н.Ә.Назарбаевтың саясатының нәтижесінде қол жетіп отыр. Біз Қазақстаннның келесі жылы Ислам Конференциясы Ұйымының төрағасы болатынына қуаныштымыз. Бұл Қазақстан мен ислам елдерінің арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына көмектесетін болады, - деді А.Аль-Мадани.        


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар